КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

0
53

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі еліміздің дарынды, креативті, көздеген мақсатына қол жеткізе алатын талантты азаматтарды анықтау мақсатында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ МҰРАТЫ» атты идеялар байқауын өткізеді!

Байқаудың мақсаты — креативті идеялары бар облыс азаматтарын қолдау, жобаларды іске асыру үшін тиісті сала өкілдеріне жолдау. «Рухани жаңғыру-ұлттың ұлы мұраты» атты идеялар байқауына Түркістан облысының 14 жастан 60 жасқа дейінгі кез-келген Түркістан облысының азаматы қатыса алады.

Байқауға қатысушылар мына бағыттар аясында баяндамасын дайындай алады:
1) Қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеует;
2) Тілді дамыту;
3) Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
4) Отандық мәдени өнімді танымал ету;
5) Жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді дамыту;
6) NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру;
7) Жастарды қоғамдық пайдалы қызметке тарту.

Байқау 3 кезеңнен (өтінімдерді қабылдау, жобаларды іріктеу және марапаттау) тұрады. 1-кезеңде өтінімдерді қабылдау кезеңі 20 тамыз бен 15 қазан аралығында өтеді. Өтінімдер shanyrak.ideya.06@mail.ru электронды поштасы арқылы жиналады. Power Point немесе PDF форматта жасалған презентациясы және Word құжатында жазылған қысқаша жоба аннотациясы болуы керек.

2-кезеңде іріктеу кезеңі 15-20 қазан аралығында. Пошта арқылы жиналған материалдар арнайы комиссияға ұсынылады. Комиссия отырысында идеяның маңыздылығы, өңірге ерекшелігіне сәйкестігі, жаңашылдығы сияқты критерийлері ескеріліп, іріктелген жұмыстар жеңімпаз деп танылады.

3-кезеңде салтанатты марапаттау рәсімі 20-қазанда Түркістан қаласы, «Ұлы дала елі» орталығында өтеді

Байқаудың үздік 50 қатысушысы алғыс хат және кәдесыйлармен марапатталады. Ал қаржылай сыйақы -1 850 000 теңге.

Байланыс телефондары 8-702-509-00-43, 8-707-009-31-58

Leave a reply

Ақпарат қорғалған