“БЕКЗАТТА” 514 ҮЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

0
53

Сәуір айындағы қала әкімінің Бекзат секторының тұрғындарымен кездесуінде 67 мәселе көтерілді.

Бүгінде оның 55-і орындалып, 12 тапсырма бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, секторда 3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселді, 49 көше жарықшаммен қамтылды. Сондай-ақ, 2,2 шақырым жолға жаяу жүргінші жолы салынып, сектор 5 аялдамамен толықты.

Сонымен қатар, тұрғын алабта өзекті деген жарықпен қамту жұмыстары бойынша бірқатар жобалар аяқталған. 4 жаңа трансформатор орнатылып, 514 тұрғын үйде ескірген электр желілері жаңартылуда.

100 шақырымды кәріз жүйесінің құрылысы қарқынды жүруде.

Жаңадан қоныстанған тұрғын үйлерді ауыз сумен қамту жобасы әзірленуде.

Ал, мектеп тапшылығы мәселесі бойынша тұрғын алабта 2,2 гектар арнайы жер белгіленіп, құрылыс жобасы дайындалуда.

Leave a reply