ЕКІ ТЕМІРЖОЛ ӨТКЕЛІ САЛЫНАДЫ

0
47

Қаламыздағы түркі елді мекенінің тұрғындарының мұқтажы. Бұл мәселе де осы үнқағазда бірнеше мәрте жарияланды. Атап айтқанда, темір жол бойынан адамдар өтетін аспалы көпір салу. Елді мекенде мектеп, балабақша атымен жоқ. Төрт мыңға жуық халық тұрады. Бұл мәселенің айтылып келе жатқанына да төрт жыл болды. Мәселе шешімін таппай келеді.

«Жуырда темір жол қозғалысының маманы Үсен Жұманов қасында темір жол полицияның өкілі полиция майорымен темір жол бойын бақылап жүрді. Өздері ашып қойған өткелден өткен баланы мазалады. Сылтауы «анау жаяу жүргіншілер өткелінен неге өтпейсің? Сол үшін айыппұл төлейсің» деп жекіп жатты. Ол жерде жаяу жүргіншілер өткелі жоқ. Тек автокөлік өткелі ғана бар. Оны көріп, біліп отырған теміржолшы маманы Үсен Жұманов та, полиция да жоқ. Жамандық айтып келмейді. Сонау бір жылдары Шамалғанда болған оқиға бізде қайталанбасына кім кепілдік береді. Алдымыз қыс. Қарлы боран. Ызғар суы болуы мүмкін. Осы жағдайда теміржол қызметкерлері ескеріп, жаяу жүргіншілерге мектепке баратын екі жүздей оқушыларға жағдай жасаса екен. Оқушылар С.Ерубаев, Қ.Сәтбаев, Н. Төреқұлов мектептеріне қатынап оқиды. Тиісті мекеме басшыларының көпір саламыз. Мектеп салып береміз дегеніне де біраз уақыт өтті. Тіпті көпір салуға жолаушылар және құрылыс бөлімі тарапынан бір миллион теңге қаржы да бөлінген болатын. Ол қаржы қайда, қалай жұмсалды? Оны ешкім білмейді. Осы мәселелерді шешуге қала басшысы ретінде Нұрбол інім, Сіз не дейсіз?»,-деп жазады зейнеткер Мәдібек Тілеубайұлы.

Осы мәселе бойынша, жақында Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдолла Оразбековтан сұрағанымызда, 2023 жылдың басында екі теміржол өткелінің құрылысы басталып, жыл аяғына дейін аяқталатынын жеткізді.

Елі-жұрты үшін шырылдап жүрген Мәдібек Тілеубайұлы ақсақалға алғыс айтамыз. Құрметті оқырман, өздеріңізді толғандырып жүрген мәселелер бойынша, газет редакциясына хат жазып, хабарласып тұруларыңызға болады.

 

Leave a reply