Жастар орталығының жұмысы жанданып келеді

0
46

Қазақастан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кең көлемде насихаттау мақсатында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ауқымды жобалар жүзеге асып келеді.

Жастардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, олардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» және «Отанды сүю – Иманнан» тақырыбында сала мамандарымен кездесу жиыны өткізілді. Аталмыш Іс-шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-ның теолог маманы Күндебай Нұржан, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы және қала жастары қатысты.

«Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Күндебай Нұржан жастарға кері ағар діни ағымдардың қоғам үшін аса қауіптілігі және оның алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Діни ілімді тек қана мешіттерден арнайы мамандардан алу керектігін айтты. Кездесу барысында жастарға «Отанды сүю иманнан», «Жат ағымдардың әлегі» туралы бейнероликтер көрсетілді. Жиын барысында студент жастар сала мамандарына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, ұтымды жауап алып, пікір алмасты.

Қала жастарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда алдыңғы қатарда жұмыс жасап келе жатқан Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйытқы болуымен Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжінің студент жастарының қатысуымен онлайн форматта «Жастар және жасөспірім қыздар арасындағы психологиялық ауытқудың, гигиеналық тазалықты сақтау» тақырыбында ақпараттық кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жастар орталығындағы психолог мамандарының бастамасымен психологиялық тренингтер жүргізіліп, іс-шараның маңыздылығы арта түсті.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған