ЖЫЛУ БЕРУ ЖАЙЫ ТЕКСЕРІЛДІ

0
44

Түркістан қаласында «Жылу» МКК-ның нысандары бойынша 2022-2023 жылы жылу беру маусымының дайындығына байланысты баспасөз туры болып өтті. Кездесу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Түркістан облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар салаларындағы қызметтің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтті. Баспасөз турына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент директоры Қанат Оралов, мекеме директоры Ерғазы Рысбеков, мемлекеттік органдар, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.

“Бізде комитет тарапынан медиа жоспармен баспасөз туры бекітілген болатын. Қазірде әр облыстық департаменттерде баспасөз туры өтіп жатыр. Оның ішінде бес, алты субьекті таңдалады. Базалық субьектілер таңдалады. Соның бірі Түркістан қалалық “Жылу МКК” мекемесі. Біз техникалық ерекшеліктеріне қарай қызметін көріп, танысып жатырмыз. Турдың ең басты мақсаттарының бірі біз бекіткен көрсеткіштерді тексеру, жылу беру маусымының дайындығын тексеру болып табылады. Ең бастысы халықтың ризашылығы”,- деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент директоры Қанат Оралов.

Баспасөз туры аясында «Жылу» МКК-ның өкілі атқарылған және жоспарланған жұмыстары туралы баяндады, онда мекемедегі қазандықтардың қазіргі таңдағы жұмыс барысымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, №1 орталық қазандықтың атқаратын жұмыстарына жеке тоқталып өтті. Осылайша, «Жылу» МКК алдағы жылыту маусымына толық дайын екендігін хабарлады.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған