Зайытов мектептерде орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқытуды ұсынды

0
133

Мәжілістің жалпы отырысының кулуарында Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мектептерде орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқыту керек деп отыр, деп хабарлайды Infonews.kz сайты El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

КСРО кезінде орыс әдебиетін оқыту заман талабы болғанымен, қазіргі таңда тек орыс әдебиетін оқисыңдар деу әбестік деп отыр.

«Мен ол бастаманы көрдім. Оқу-ағарту министрлігіне неге бізде қазақ әдебиеті сағатынан орыс тілі әдебиетінің сағаты көп деген сұрақты мен де қоямын. Сондықтан мұны бір жүйеге келтіру керек. Неге біздің балалар орыс тілі әдебиетін оқуы керек? Ол Кеңес үкіметі кезінде бәлкім маңызды болған шығар. Ал қазір заманның кең шағында, барлық әлем әдебиетімен танысуға мүмкіндік бар кезде, біз міндеттеп тек орыс әдебиетін оқисыңдар деп айта алмаймыз. Басқа елдің әдебиетін ұрпақтың санасына сіңіру – қате», – деді ол.

Зайытов орыс әдебиетіне басымдық беруден гөрі алдымен қазақ әдебиетін дамытып алайық дегенді алға тартты.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған