Өгей әкесімен бірге тұратын отбасылар ерекше бақылауға алынады

0
98

Бас Прокурордың төрағалығымен балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша министрліктер басшылары мен бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

Кеңесте балалар жарақаттануының себептері, кәмелетке толмағандар арасындағы балалар суицидінің және қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыс талқыланды.

Сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау және отбасыларға қолдау көрсету үшін IT-технологияларды пайдаланудың жаңа тәсілдері қарастырылды.

Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін «Е-превенция» жобасын таныстырды.

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелерінде бағдарлама қиын жасөспірімдердің өмір сүру жағдайын, бос уақытын, білім алу мүмкіндіктерін, әлеуметтік мәселелердің болуын зерттеуге мүмкіндік береді.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдын алу саласында ведомство қызметкерлер көпбалалы және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға барады.

Бұл жоба елордада және Ақтөбе облысында сыналып жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сондай-ақ мемлекеттік органдардың 80-нен астам дерекқоры біріктірілген «Отбасының цифрлық картасының» мүмкіндіктерін ұсынды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева зорлық-зомбылық, қатыгездік, балалардың терезеден құлауы, балалар мекемелерін лицензиялау және буллинг мәселелері бойынша 50-ден астам түзетулерді қамтитын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты заңнамалық сипаттағы ұсыныстар келтірді.

Мемлекеттік органдар бұл ұсыныстарды жұмыс тобының отырыстарында талқылайтын болады.

Іс-шара соңында Бас прокурор Берік Асылов пен юала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева меморандумға қол қойды.

Тараптар өзара ынтымақтастық жөнінде уағдаласты.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған