Сайрамда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

0
51

2022 жылғы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысының Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты тапсырмалар берді. Соның бірі кәсіпкер жастарға 2,5% шағын несие беру. Бүгінгі таңда жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 161 азаматқа мемлекеттік грант берілді.  Сайрам ауданында, әсіресе, ауыл шаруашылық бағытында кәсіпкерлік дамып жатыр. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 17 мыңнан асты. Салада 26 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 156,1 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Көрсеткіштердің өсімі сақталды. Жоспар бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 180 млрд теңгеге жеткізу межеленіп отыр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 175 млн теңгелік 2 жоба, «Қарапайым заттар  экономикасы» бағдарламасымен құны 240 млн теңгелік 4 жоба қаржыландырылған, микрокредиттік ұйымдар арқылы 2494 адам 1,9 млрд теңгеге несиеленді.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты тапсырмалар берді. Жыл басынан аз қамтамасыз етілген 3235 отбасына  843,2 млн теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек, 2945 балаға 185,9 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. Сонымен қатар, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 77 отбасына демеушілер тарапынан 54,9 млн теңгеге жуық материалдық көмек көрсетілсе, 4 отбасына тұрғын үй берілді. (Слайд – 8) «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыру жоспарына» биыл 1,8 млрд теңге қаралып, 10 айда бағдарламаға 9486 адам қатысты. Оның ішінде 276 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 876 адам жастар практикасына, 1759 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, мүмкіндігі шектеулі 388 азамат жұмыспен қамтылды, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 224 адамға 274,4 млн теңге мемлекеттік грант берілді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Бастау бизнес» жобасымен 1907 азамат кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысуда. Өздеріңіз білесіздер, зейнет жасына екі жыл қалған жұмыссыздарға арналған «Күміс жас» жобасы бар. Осы жоба аясында 74 азамат жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның экономикалық белсенді халық санына қарай 1419 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жыл басында 1160 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, жоспар 122%-ға артығымен орындалды. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрап, былтырға қарағанда төмендеді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында әлеуметтік-экономикалық мәселер бойынша нақты тапсырмалар берді.  Жыл басынан аз қамтамасыз етілген 3235 отбасына 843,2 млн теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек, 2945 балаға 185,9 млн теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның экономикалық белсенді халық санына қарай 1419 жаңа жұмыс орыны ашылды. Жыл басында 1160 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, жоспар 122%-ға артығымен орындалды. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ды құрап, былтырға қарағанда төмендеді. Аудандағы 68 өнеркәсіп кәсіпорынмен 47,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 12,2 млрд теңгеге артық өнім өндірілген. Оның ішінде өңдеу саласы дамып келеді. Өңдеудің өнеркәсіп саласындағы үлесі 86%-ға жетті, яғни 41 млрд теңгенің өнімі шығарылды. Бұл көрсеткіштің өсу қарқынымен аудандар арасында Сайрам 2 орында.

Кәсіпкердің жеке қаржысы есебінен жаңа 30 жұмыс орны бар газоблок шығаратын зауыт («Корпорация АЯН» ЖШС-і) іске қосылып, құрылыс индустриясын дамытуға сеп болды. Жалпы, өнеркәсіп саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ете отырып, жыл қорытындысымен өнім көлемін 52,7 млрд теңгеге жеткізу мақсатында жұмыс жүріп жатыр.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жұмыстары бүгінде қарқынды түрде жүргізілуде. Соның арқасында бүгінде елімізде шағын және орта бизнеспен айналысатындардың қатары артып отыр. Аталған ұлттық жоба аясында 48,8 мың жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 984 жобаға грант берілген. Бұдан басқа, 33,4 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқып, білімдерін жетілдірген және 169 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері бизнес ашу және оны жүргізу бойынша ккеңес алған. Еліміз үшін маңызы зор ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру арқасында 320 мың жаңа жұмыс орны құрылды, 814 мың адамды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілді. Сонымен қатар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен нашар ауыл халқының үлесі төмендеді, ШОБ-тың ЖІӨ-ге үлесі өсті, ал экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесі 14,5%-ға дейін төмендеді. Биыл шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 33,5%-ға жетті. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1,4 миллионға жетіп отыр. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн адамды құрап отыр.

Бұдан бөлек, «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының да ауыл халқы үшін тигізер пайдасы мол болып отыр. Келтірілген дәйек сандардың қатарында қазығұрттық кәсіпкерлердің де үлесі бар. Бүгінде Қазығұрт ауданында шағын және орта бизнеспен айналысатындардың қатары артып отыр. Оған мемлекет тарапынан қолға алынған ұлттық жобалардың септігі тиюде. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында ауданда түрлі шаралар қолға алынған.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 397,5 мың адам қатысты. 264,2 мың адам жұмысқа орналасты, оның 124,3 мыңы — тұрақты.Субсидияланатын жұмыс орындарына 139,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 15,1 мың адам, жастар практикасымен 9,1 мың адам, қоғамдық жұмыстармен 99,2 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 4,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 151 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,8 мың адам жұмыспен қамтылды.Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 28,1 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 25,5 мыңы оқуды аяқтады.Сондай-ақ «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 96,1 мың адам қамтылды, оның ішінде 72,2 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.Қызмет саласын таңдау мақсатында 68,5 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.Бұдан басқа, 2023 жылы Ұлттық жоба шеңберінде 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген. Жыл басынан бері 5316 грант берілді.

 

Leave a reply