САЙРАМДЫҚ КӘСІПКЕР ТАУАРЛЫ БАЛЫҚ ӨСІРУМЕН АЙНАЛЫСАДЫ

0
97

Түркістан облысында тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Түркістан облысында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітіліп, соның шеңберінде жылына 6640 тонна балық өсіру жоспарланып отыр. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 3 579 тонна өндірілген. Осы орайда Түркістан облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен журналистер Ордабасы, Сайрам аудандарына баспасөз-турымен барып, аудандағы балық өсіру кәсіпорындарының қызметімен танысты.

Мемлекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оңды ықпалын тигізуде. Облыста жасанды жолмен балық өсіру саласының әлеуеті өте жоғары. Түркістан облысы бойынша тауарлы балық өсірумен 154 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Осы ретте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы баспасөз турын ұйымдастырды.

– Бағдарламада бекітілген тауарлы балық өндіру көлеміне қол жеткізу мақсатында 2023-2025 жылдары аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жаңадан 91 балық шаруашылығын ашу жоспарланған. Ал акваөсіру бойынша биыл жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, бүгінде 31 шаруашылыққа субсидия беріліп, қаржы толық игерілді. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға Республикалық бюджеттен 226,0 млн. теңге қарастырылған. Облыста жергілікті маңызы бар 104 су айдыны тіркелген. Оның 88 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген, – деді басқарманың бөлім басшысы Данияр Сейітов.

Ең алдымен БАҚ өкілдері Ордабасы ауданындағы 2019 жылдан бастап жылына 200 тоннаға жуық «африкалық сом» балығын өндіретін «Алина» шаруа қожалығына аялдады. Онда одан басқа, «сазан», «дөңмаңдай», тұқы балықтары өсірілуде. Жылына 500 тонна балық өндіріледі.

Онда өндірілетін балық өнімдері қаладағы мейрамханаларға және балық сататын дүкендерге үздіксіз жеткізілуде. Соңғы екі жылда балықтарға сұраныс артқан. Шаруа қожалықтың бас маманы Данияр Рахымжанов бұл межемен тоқтап қалмай, алдағы уақытта балық өнімін көбейтуді жоспарлауда. Бұған қоса, балықтарды қайта өңдеу және балықтарға арналған құрама жем өндіру цехын құруды да көздеп отыр.
Жалпы, Түркістан облысында жергілікті маңызы бар 104 су айданы тіркеліп, оның 84-і табиғат пайдаланушыларға берілген. Түркістан облысы жасанды көлдерде балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Солардың бірінде болған журналистер Сайрам ауданындағы балық өнімдерін өндіру шаруашылығының жұмысымен танысты.
«Көмеш Балық» иелігіне үлкен 17 көл және кіші 14 көл кіреді. Әрқайсысынан күз айларында 50-60 тоннаға дейін балық өндіріледі. Балықтың сан алуан түрін өсірумен айналысатын мекеме былтыр 700 тонна тауырлы балық өндірген. Биылғы жоспар 1 мың тоннаға жеткізу.
– Бүгінгі таңда мұнда балық шаруашылығының қуаттылығы жылына 721 мың тоннадан асады. «Күміс тұқы», «ақ амур», «көксерке», «тұқы» балықтары өсіріледі. Сондай-ақ мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30% субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізуде, – бас маманы әрі басқарушысы Бақытбек Төрегелдиев.
«Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» басшысының орынбасары Мейіржан Өмірәлиевтің мәлімдеуінше, өңірде 2030 жылға дейін тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.
— Бүгінде балық шаруашылығымен айналысуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдаулар да аз емес. Облыс әкімі балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін тапсырған болатын. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасы» бекітілді. Мұндағы мақсат – тауарлы балықтың көлемін ұлғайту. Осы бағдарлама аясында облыс көлемінде көптеген шаруашылықтар ашылды, — деді ол.
Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Мысалы, акваөсіру бойынша биылға жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, бүгінде 30 шаруашылыққа субсидия беріліп толығымен игерілді. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға биылға республикалық бюджеттен 226 миллион теңге қаралған. Бүгінде жоспарға сәйкес жаңадан 30 тоғанды балық шаруашылығы, оның ішінде төртеуі үйіргелік аулада ашылған. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстарды қарқынды жүргізіп, нормаға сәйкес облыс тұрғындарының балық өнімін тұтынуын толық қамтамасыз ету және балық өнімдерінің экспортын арттыру жоспарланып отыр.
Бүгінгі таңда республика бойынша 380-ге жуық шаруашылық балық өсірумен айналысады. Осы мақсаттар үшін республикалық бюджеттен балық өсіру шаруашылықтарын, қайта өңдеу және жем өндіру қуаттарын салу кезінде бизнестің инвестициялық шығындарын өтеу үшін шамамен 750 млн. теңге бөлінді. Балық өсіру көлемінің өсуі байқалады.

Вице-министр балық шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық салымдар кезінде мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілді, қайта өңдеу, жем өндірісі, тоған шаруашылықтары бойынша паспорттар енгізілді, Ведомствоаралық комиссия отырысында «Акваөсіру туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын мақұлданды және заңды әзірлеу басталды, жалпы өсіру қуаты 850 тонна, 1,0 млрд. теңгеден астам сомаға 4 инвестициялық жоба іске асырылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, балық ресурстарының табиғи популяциясын сақтау бойынша шаралар қабылдануда. Балықтың уылдырық шашу кезеңінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Мәселен, ЭГТРМ, ІІМ және ҰҚК бірлескен бұйрығы шеңберінде Батыс өңірде «Бекіре» балық қорғау акциясы өткізілді, қалған облыстарда көктемгі кезеңде «Уылдырық шашу» табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылды. Республиканың барлық өңірлерінде «Таза су айдындары» акциясы өткізілді. Жыл сайын табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтау және молықтыру бойынша шаралар қабылданады, бұлар көктемгі және жазғы кезеңдерде балықтарды құтқару, қыс мезгілінде қатуға қарсы іс-шаралар, сондай-ақ балықтардың бағалы түрлерін жасанды молықтыру.

Балық шаруашылығын дамыту үшін министрлік келесіні көздейді:
— балықты өңдеумен айналысатын субъектілер үшін ҚҚС-ты 70%-ға төмендету;
— отандық шикізаттан алынған терең өңделген балық өнімдерін субсидиялауды енгізу;
— Күтім балығы Қызыл кітапқа енген балық түрлерінің тізімінен алынып тасталды;
— балықты қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу жүргізілуде;
— Каспий итбалығын сақтау үшін ЕҚТА құру бойынша ЕО әзірлеуге ғылыми ұйыммен шарт жасалды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін министрлік Балық шаруашылығын дамытудың 2022 жылға арналған бағдарламасының индикаторларын іске асыру, «Акваөсіру туралы» Заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу, Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі Үкіметаралық Комиссияның 6-шы отырысын өткізу, Парламент Мәжілісінде «Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы» тақырыбында Үкімет сағатын өткізу, балықты ақпараттық бақылау жүйесін енгізу жоспарлап отыр.

Мемлекет басшысы былтырғы ха­лыққа арнаған Жолдауында елімізде ба­лық шаруашылығын дамытудың маңыз­дылығына тоқталып, Үкіметке нақты тапсырма жүктеген еді.

Сарапшылардың айтуынша, рес­пу­б­ликаның аумағындағы су қоймаларында жылына 600 мың тоннаға дейін балық өсіруге болады. Әйтсе де бұл межелі көрсеткішке қол жеткізу адам ойлағандай оңай емес. Себебі Қазақстандағы 8 су бассейнінің 7-еуі трансшекаралық суға жататынын айта кеткен орынды. Демек, барлық су көлемінің жартысы респуб­лика аумағында қалыптасса, қалған трансшекаралық су сырттан келеді. Оның үстіне жыл санап, Жайық, Ойыл және Ембі өзендерінің қарқынды түрде тартылып бара жатқанын ескерген жөн. Міне, осындай жағдайда балық өнеркәсібі мен аквамәдениетті өркендету туралы айтудың өзі қиын. Десек те елімізде 2030 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама дайындалып, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанынан Балық шаруашылығы комитеті құрылды. Осыған байланысты жаңа комитеттің төрағасы Нариман Жүнісовті әңгімеге тартып, саладағы қордаланған мәселелер мен перспективалық жобалар жайына қанықтық. Ведомство басшысының айтуынша, осы бағдарламаны әзірлей отырып, бірінші кезекте халықты сапалы және қолжетімді балық өнімдерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ балық шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасауға мақсат қойылып отыр.

«Алғашқыда Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдерімен бір­лесіп, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдар­лама­лары дайындалды. Со­ның негізінде 2030 жылға дейін­гі салалық бағдарламаны әзір­леуге мүмкіндік алдық. Соған сәйкес, жылына 270 мың тонна тауарлы балық өсіру  жоспар­ланып отыр. Сондай-ақ ба­лық өнімдерінің ішкі тұтыну көлемін жылдық 67 тоннадан 134 мың тоннаға дейін арттыру көзделуде, осылайша елі­міз­дің әр тұрғыны 2030 жылға қарай жылына 8 килоға дейін балық тұтынатын болады. 2019 жылы балық өнімдерін тұтыну көлеміне жүргізілген талдау нәтижесі 1 адам жылына шамамен 4 кило теңіз өнімдерін тұты­натынын көрсетті», деді Н.Жүнісов.

Демек, ішкі нарықта балық өндірісі мен оның сату көлемін арттыра отырып еліміздің экс­порт­тық әлеуетін дамытуға ба­сым­дық беріледі. 2030 жылға қарай балық өнімдерінің экспорты жылына қазіргі 30 мың тоннадан 181 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Сәйкесінше, экспорттық түсім жылына 430 млн долларға дейін өседі деп бол­жануда. Бағдарламада жаңа жұ­мыс орындарын құруға ерекше назар аударылғанын айта кет­кен орынды.

Табиғи популяцияны сақтау маңызды

Балық шаруашылығы коми­теті таяуда ғана құрылғаны бел­гілі. Осыған дейін аталған ве­домство Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің құрамында болып, 2014 жылы таратылған еді. Содан бері балық ресурс­тарын қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану сала­сын­дағы мемлекеттік саясатты Эко­логия министрлігінің Ор­ман шаруашылығы және жануар­лар дүниесі комитеті іске асырып келді. Алайда бұл саладағы қызметтер атал­ған комитет пен жергілікті ат­қару­шы органдар және балық шаруа­шылығы субъектілерінің өзін-өзі басқару ұйымдары арасында бытыраңқы күйде ауысып жүр­ді. Енді қайта құрылған ко­ми­теттің алдында шатқаяқтап тұр­ған шаруашылықты қал­пы­на келтіріп, өндірістік көр­сет­кіш­терді қарқындату міндеті тұр.

«Ведомство Экология ми­нистр­лігіне қарайтынын ескерсек, біздің міндетіміз – еліміз­дегі балық ресурстарының ал­уан түрлілігі мен табиғи попу­ля­циясын сақтау. Бұл жаңғыр­тылған сала екенін түсініп, сондай-ақ еліміздегі су ресурс­тарын ескере отырып, балық шаруашылығын, яғни салалық бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауды көздеп отырмыз. Жоғарыда айтқанымыздай, халықты жоғары сапалы ба­лық өнімдерімен қамта­масыз етуіміз керек. Осы тұр­ғы­дан алғанда, саланы дамыту­дың 2030 жылға дейінгі бағдар­ла­ма­сында қамтылған негізгі индикаторларға қол жеткізу маңызды болып тұр», деді комитеттің төрағасы.

Бүгінде тауарлы балық өсіру­мен айналысатын кәсіпкер­лерге мемлекеттік қолдаудың шара­лары қарастырылған. Атап айт­қанда, оған бекіре, албырт және тұқы балық түрлерін өсіру барысында балық азығына жұмсалатын шығындарды 30%-ға дейін, сол секілді балық шаруашылықтарының техника мен жабдықтар сатып алуға байланысты инвестициялық салымның шығыстарын 25%-ға дейін өтеу кіреді. Сонымен бірге қосымша субсидиялау те­тіг­імен қолданыстағы мемле­кет­тік қолдау кеңейтіліп отыр. Бұған қоса, балық өсіруге ар­налған материалды сатып алуға, бағалы балық түрлерінің ана­лық табындарын сатып алу мен күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарды және азық құнын 30%-ға дейін субсидия­лау үшін балық түр­лері­нің тізбесін кеңейту қарас­ты­рылады. Инвести­ция­лық субсидиялаудың да мүмкін­дік­терін ұлғайту көзделмек. Бұл шарбақты балық шаруа­шы­лығын, сумен қамту жүйелері­не байланысты тұйық циклді балық шаруашылығын, тоған шаруашылығын, сондай-ақ азық өндіру мен қайта өң­деу кешендерін құруға және кеңей­туге жұмсалатын шығын­дардың бір бөлігін 25%-дан 30%-ға дейін өтеуді қамтиды. Жабдықтар мен техниканың жекелеген түрлеріне қатысты субсидиялау өзгеріссіз қалады, деді Н.Жүнісов.

Келісімшарт 49 жылға белгіленді

Салалық комитеттің ақпа­ратына сүйенсек, Салық ко­дексіне өзгерістер енгізіл­геннен кейін балық ресурстарын пай­далануға арналған жылдық төлем­нің орнына тоқсандық тө­лем жүйесі енгізілді. Бұл биз­­нес­ке қаржылық жүктемені азай­туға септігін тигізуі тиіс. Осы­ған дейін балық ресурстарын пай­­даланушылар рұқсат алу үшін алдымен биоресурстарға ар­нал­ған төлемді аудара­тын. Енді бірқатар рәсім аяқтал­ған соң, балықшылар алдын ала тө­лемсіз рұқсат алып, кәсіп­тері­мен еркін айналыса береді, деді ведомство өкілдері. Сол секілді тиісті шаруашылыққа арнал­ған су айдындарының мәртебе­сін «балық аулаудан» «балық ша­руашылығына» ауыстыру ережесі бекітілді. Өйткені бұ­ған дейінгі отандық балық өнеркәсібіне қатысты заңнама мен оның бағытында балық аулауға басымдық берілген еді. Сон­дықтан барлық су ны­сан­да­ры табиғи популяцияны ау­лау­ға ғана арналды. Тағы бір ай­та кетерлігі, балық өсір­у­ге ар­налған келісімшарт бекі­ті­­ліп, оның нақты мерзімі 49 жыл­­ға белгіленді. Бұл бизнеске ба­лық шаруашылығына сенімді түр­де инвестиция салып, ұзақ мер­зімді жоспарлар құруға мүм­кіндік береді.

 36 ел отандық өнімді тұтынады

Ресми дерекке сәйкес, Қазақ­­станға жылына 45 мың тонна балық өнімдері импорт­­талады. Бұл негізінен мұхит­та мекендейтін балықтар (майша­бақ, скумбрия, асшаяндар және теңіз өнімдері). Импорттың едәуір үлесі Норвегия, Ресей, Ис­лан­дия, Қытай және Балтық елдеріне тиесілі. Ал Қазақстан жыл сайын шамамен 60 млн дол­лар қаражатқа 30 мың тонна балық өнімін алыс-жақын 36 мемлекетке экспорттайды. Еліміз балықтың сүбесін, сол секілді қақталып, ысталған өнім­­дер мен мұздатылған ба­лық өнімдерін сыртқы нарық­қа сатып келеді. Мысалы, көк­сер­кенің сүбесі Еуропалық одақ елдерінде, атап айтқанда, Гер­мания мен Нидерландыда қазақ­стандық бренд саналады. Қақталып, ысталған өнімдер Ресейге, Украинаға, Литваға, Қытайға және басқа да елдерге шығарылады.

Дрондар браконьерлерді қадағалайды

Бұл бағыттағы тағы бір қор­да­ланған проблема − браконьер­лікпен күрестің әлсіздігі. Осы­ған байланысты қазір атал­ған мәселеге басымдық беріліп, ерекше назар аударылып отыр. Біріншіден, тыйым салынған аулау құралдарын дайындау, пайдалану, сату және сақтауға қатысты браконьерлік туралы жауапкершілікті күшейтіп, тиісті заңды қатаңдату жоспарланып отыр. Екіншіден, бра­коньерлікпен тиімді күре­су үшін аумақтық балық шаруа­шылығы инспекциялары материалдық-техникалық жарақтандырумен, оның ішінде инспекторлар арнайы камералармен, ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарымен қамтылатын болады. Бұл мақсатқа арналған қара­жат балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында қарас­ты­рылады. Сонымен қатар Цифр­лық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі ми­нистрлігімен бірлесіп, ақпарат­тандырудың сервистік мо­делі арқылы балық және балық өнім­дерін қадағалаудың ақпа­рат­тық жүйесін құру мәселесі пысықталып жатыр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының жыл сайын «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс» орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында жұмыстар жүйелі жүруде. Келешекте еліміздегі халық санының өсуін ескере отырып, негізінен 2025 жылға дейін 780 мың жұмыс орны ашылады деген болжам бар екен. Бүгінде Түркістанда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. Осы ретте «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының барлық қосалқы аймақтарының аумағында 340 млрд. теңгеге 64 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар шеңберінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде мәлімдеген болатын.

Өңір басшысының айтуынша индустриалды аймақта 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 10 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың көлемі 16 млрд. теңгеге жетеді, 1,3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. Бұдан бөлек, Ұлттық жобалар бойынша осы жылы 337 адам жұмыспен қамтылған. «Еңбек» бағыты бойынша 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Осылайша өңірімізде халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табуда.

«Қуатты өнірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы. Өңіраралық қоныс аудару жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жұмысқа орналастыруға немесе кәсіпкерлік бастамаларға жәрдемдесу бойынша міндеттемелермен жүзеге асырылады.

Сонымен қоса жастарды жұмыспен қамтуға тоқталсақ, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларының арқасында 29 жастан аспаған, мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған немесе мүлдем жоқ адамдарға түрлі қолдау шаралары көрсетілетін болады.Бұл жобалармен 140 мыңнан астам адамды қамту жоспарланып отыр.Ал зейнеткерлік жас алдындағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске асырылмақ, оның шеңберінде 20 мың адам қолдау алады.Бұдан басқа, департамент директоры орынбасары «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасын іске асыру арқылы 60 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылғанын айтып өтті.Ал, жұмысынан айырылған азаматтарға «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы тағы 415 мыңға жуық уақытша жұмыс орны берілмекші.Ол сондай-ақ, осы шаралардың тиімділігін арттыру үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде оларды іске асырудағы кемшіліктер ескерілгенін, оларға сәйкес әрбір нысаналы топтың қажеттіліктерін ескере отырып, өзгерістер енгізілгенін де еске салып өтті.Жалпы, Ұлттық жобаны іске асыру барысында барлығы 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.3,5 млн адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылып, 1,7 млн адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасады.Жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеп, халықтың нақты ақшалай кірісінің өсмі 27,1% деңгейіне жетеді.

Жалпы, кәсіпкерлікке оқыту шаралары аясында аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту жүргізіледі.Сондай-ақ жас кәсіпкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға микрокредиттер мен гранттар беріледі.Департамент директорының орынбасары Руслан Тілеубаевтың сөзінше, мастер-жоспарлар үй шаруашылықтары мен жергілікті кәсіпорындардың сауалнамалары негізінде жасалады.Жалпы, 2022-2024 жылдары 163 мастер-жоспар әзірленеді.«Мастер-жоспарлар негізінде кәсіпкерлерді қолдау «егістіктен сөреге дейін» өндірістік-өткізу тізбегін құру арқылы қамтамасыз етіледі. Өнім өндірушілер мен сатып алушылардың келісуі, ауыл кәсіпкерлерінің өнімін кепілді түрде сату және сатып алу қамтылады», – деді ол.Департамент директоры орынбасарының айтуынша, аталған жоба шеңберінде жыл сайын 30 мың адамды, оның ішінде кемінде 6 мың жас азаматты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған.Оқуды аяқтаған және бизнес-жоспарын қорғаған қазақстандықтар жеңілдікті шарттармен мемлекеттік гранттар мен микрокредиттер алуға мүмкіндік алмақ.

«Бұл ретте, жастардың 20 мыңға жуық өкілін және азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын жыл сайын гранттармен қамту жоспарлануда. Ал жеңілдікті шарттармен микробизнес ашу және отбасылық фермерлік шаруашылықтарды өндірістік-өткізу тізбектеріне біріктіру үшін аудандардың мастер-жоспарлары жасалып, соның негізінде берілетін болады. Сондай-ақ грант алушылардың санаты да қайта қаралды. 2022 жылдан бастап гранттар жастарға, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы мүшелеріне және қандастарға жеке кәсіпті ашу мақсатында беру жоспарланып отыр», – деп толтықтырды Руслан Тілеубаев.

Оқу 14 облыста, 160 ауданда іске асырылады, сондай-ақ моноқалалар мен облыс орталықтары, республикалық маңызы бар елорда, Алматы, Шымкент секілді қалалар қамтылған. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жоба бойынша оқыту «Atameken Academy» платформасында онлайн форматта өтеді.Бұдан бөлек, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов биыл аталған жоба «Бастау 2.0» жаңа форматында жүзеге асатынын атап өтті. Оның аясында өнім өндіру кезеңдерінің технологиялық карталары әзірленеді.Бұл технологиялық карталар сұранысқа ие бағыттар бойынша халықты кәсіпкерлікке оқытуға және жаңа салаларды таңдауға көмектеседі.

Leave a reply