ТҮРКІСТАНДА «PRO SPORT» — ЕМДЕЛУ МЕКЕМЕСІ БАР

0
54

Түркістанның тумасы Мерей Әріпханұлының бала күнгі арманы орындалды. Ол жастайынан дәрігер болудан алдына мақсат етіп қойып, осы жолда аянбай ізденді. Орта мектепті аяқтаған соң Алматы қаласындағы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетін аяқтады. Содан кейін біліммен тәжірибені ұштастыру мақсатында 5 жыл өз мамандығы бойынша еңбек етті. Медицина саласының білгір дәрігерлерінен тәжірибе жинақтаған ол бүгінде туған жері облыс орталығы Түркістан қаласында «Pro sport» медициналық орталығы филиалын басқарып отыр.

Өткен жылы заман талабына сай салынған «Olympic Center» cпорт кешені ғимаратында орналасқан «Pro sport» медициналық орталығы қала тұрғындары мен қонақтарына қызметін бастап кетті. Мұнда науқастар 12 дәрігерлік тексеруден өте алады. Атап айтсақ, невролог (балалар, ересектер), кардиолог, ЭКГ, холтер, СМАД, пульмонолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, ревматолог (балалар, ересектер), реабилитолог, терапевт, педиатр, УЗИ (бауыр, өт жолдары, көк бауыр, ұйқы безі, бүйрек, қалқанша безі, сүт безі, жұмсақ тіндер және зәр шығару органдары, гинекологиялық трансвагинальды, трансабдоминальды, акушерлік), УЗДГ БЦС (мойын қан тамырлары), массаж, физиотерапия сияқты қызмет түрлері бар.

«Pro sport» медициналық орталығында Нұр-сұлтан, Алматы және шет елдерде тәжірибе жинақтаған мамандар қызмет етеді. Бүгінде орталық жалпы 17 қызметкерді жұмыспен қамтуда. Яғни 13 дәрігер және 4 орта буын дәрігерлер жаңа орталықтың жұмысын жандандырып отыр. Алдағы уақытта халықтың сұранысына қарай бұл көрсеткіш арта түсері анық. Орталықтың жоспары бойынша таяу арада Түркістан қаласы экологиялық аумақ екенін ескере отырып лор, аллерголог және офтальмолог, стоматологиялық қызмет түрлерін көрсету жоспарда бар екен.

-«Ашық есік күні» шарасының басты мақсаты – халыққа біздің медициналық орталықты таныстыру. Қандай дәрігерлер мен қандай заманауи медициналық құрал-жабдықтар және қандай қызмет түрлері бар дегендей. Сол мақсатта бүгін барлық қызмет түрлерін 500 теңгеден ұсындық. Тағы 70 пайыздық жалғасатынын түрғындарға ескертіп өткеніміз жөн. Әрине, қалтаға қонымды бағаны жергілікті халықтың күн көріс деңгейіне қарай белгіледік. Сонымен қоса, түркістандықтар мен Түркістан қаласы аумағындағы тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы өзінің тіркелген емханасынан жолдама алып келсе біз тегін қызмет көрсетуге дайынбыз. Қазірде күндізгі стационар да халыққа қызмет етуде. «Pro sport» медициналық орталығының бас офисі Нұр-сұлтан қаласында орналасқан. Ал, бүгінде Алматы мен Түркістан қалаларында аталмыш орталықтың филиалдары жұмысын жалғастырып келеді. Әрбір адамның өз арманы бар. Менің де арманым туған жерім – облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарына сапалы медициналық қызмет көрсету, — дейді «Pro sport» медициналық орталығы Түркістан қаласындағы филиалының директоры Мерей Тойшыбай.

«Pro sport» медициналық орталығының «Ашық есік күні» аясында өткен шарасына жиналған көпшілік қауымның тілегі мен ниеті бір арнада тоғысты. Ол – жас та болса бас болып, халықтың денсаулығы мен өмір сүру деңгейін көтеру жолында аянбай тер төгіп жүрген Мерей ініміздің жұмысына сәттілік тіледі. Осындай игі істің бастамасына қолдау білдірген ағайын-туыс-бауырларына ризашылықтарын білдірді.

Ендеше, дертіне шипа іздеген жандар Түркістан қаласындағы Жаңа қала көшесі, №40/1 («Olympic Center» cпорт кешені) ғимаратында орналасқан «Pro sport» медициналық орталығының қызметінен пайдаланыңыздар дегіміз келеді.

Leave a reply