ТҮРКІСТАНДЫҚ БАСКЕТБОЛШЫЛАР ОЗА ШАПТЫ

0
53

Шымкент қаласында үстіміздегі жылдың 19-24 ақпан күндері аралығында 2010 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында баскетболдан ҚР чемпионаты өтті. Жарысқа Шымкент, Қарағанды, Алматы, Түркістан қалалары мен қатар, Қостанай облысы және Сайрам ауданы қатысып, өзара бақ сынасты. Алты күнге созылған ел біріншілігінде жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай облысы иемденсе, екінші орын жерлестерімізге яғни, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасына бұйырды. Ал, жүлделі үшінші орынды Шымкент қаласы еншіледі. Аталмыш жарыста түркістандық Нұрай Мұхитқызы ең жақсы ойыншы атанды.( жаттықтырушысы Тұрсынай Сапарбекова).

ВОЛЕЙБОЛ

Отырар ауданында 25-27 ақпан күндері аралығында Мемлекет басшысының биылғы жыл «Балалар жылы» және ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылына арналған волейболдан 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылы туылған қыздар арасында облыс біріншілігі өтті. Осы жарыста Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2005-2006 жылы туылған жасөспірім қыздар командасы топ жарып, 1-орын алды. (жаттықтырушысы Нұржігіт Шектібаев), 2-орын Шардара командасы, 3-орын Қазығұрт командасы, 4-орын Отырар командасы иеленді.

Ал, 2007-2008 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Түркістан қалалық №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі 1-орын иеленді. (жаттықтырушысы Жохонгир Мадалиев) 2-орын Жетісай командасы, 3-орын Шардара командасы, 4-орын Қазығұрт командалары өзара бөлісті.

БОКС

Талдықорған қаласында 20-25 ақпан күндері аралығында бокстан 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында және 2007-2008 жылы туылған қыздар арасында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Талдықорған қаласының ашық турнирі өткізілді. Осы жарыста 36 кг салмақ дәрежесінде Исмайыл Қуаныш 2-орын, 38 кг салмақ дәрежесінде Сейілхан Дархан 2-орын, 44 кг салмақ дәрежесінде Сансызбай Бақдаулет 1-орын, 46 кг салмақ дәрежесінде Махмут Алихан 3-орын иеленді.

Қ.ДӘУЛЕТОВ,

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Leave a reply