Түркістандық өнертапқыш отбасы

0
47

Миллионер атанған жастар арасында түркістандық Алуа Тұрсынхан да бар.

Ол өзі ұсынған «көпреттік жөргек» жобасы аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін жөргектер таратпақ.

«Ең бастысы экологиялық таза, бала денсаулығына аллергиялық әсері жоқ. Бір реттік жөргек — 200 теңге тұрады. Бір күнде 4 жөргек ауыстырсаңыз — 800 теңге. Айлық шығыны 24 мың теңгені құрайды. Бір үйде 3 бала болса, айына 50-70 мың теңге жұмсалады. Біздің жөргектер арқылы әр отбасы 50 мың теңгеге дейін үнемдей алады. Ал біз жоба аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жөргектерді тегін таратамыз», — дейді ол.

 

Түркістан бойынша «Zhas Project» жобасының жетекшісі Дінислам Бимаханбетов алдағы уақытта гранттық жобалардың санын ұлғайту жоспарланып отырғандығын айтты.

«Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді, церебральды сал ауруы бар балаларға емдік атпен жүру сабақтары өткізіледі, сабындар, кептірілген жемістерден жасалған эко чипстер мен инкубация арқылы жұмыртқалар өндіріліп жатыр. Жобаның жастар арасында үлкен сұранысқа ие болуына байланысты алдағы уақытта гранттық жобалардың санын ұлғайтуды ұсынамыз» — деді ол.

«Zhas project» жобасы аясында Түркістанда 63 жоба іріктеліп, әрбір қатысушыға өз бастамаларын іске асыру үшін 1 000 000 теңгеге дейін грант бөлінді.

Жоба барысында шағын гранттарды іске асыру қорытындысы бойынша Түркістанда 18 білім курсы, 12 спорт секциясы, 6 наубайхана және кондитерлік шеберхана, 6 тігін шеберханасы, 5 логопедия орталығы, 4 сұлулық салоны, 3 массаж кабинеті, 3 демалыс орталығы іске қосылды.

Leave a reply