Шымкент: Жазғы спартакиаданың жеңімпаздары марапатталды

0
51
Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөліністері арасында Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қызмет бабында ерлікпен қайтыс болған өрт сөндіруші және құтқарушыларды еске алуған арналған жазғы спорт түрлерінен өткізілген спартакиада өз мәресіне жетті.
Жарыстарға қатысушылар өздерінің физикалық және техникалық дайындықтарының жоғары деңгейін көрсетті. Тартысты жарыстың жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды.
Бірінші кезекте қазақша күрес, жеңіл атлетика, гір тасын көтеру сайыстарынан үздік шыққандар марапатталды. Одан әрі шағын футболдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатқа ие болды.
Шағын футбол турнирі бойынша бірінші орынды Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы иеленді, екінші орында — №4 өрт сөндіру бөлімінің командасы, үшінші орында- жедел-құтқару жасағының командасы болды. Сондай-ақ «Үздік қақпашы» №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктерін жүргізуші-құтқарушы қызметкері Думан Кемалбай болса, «Үздік ойыншы» номинациясын №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Азамат Жәнібек иеленді, ал «Үздік шабуылшы» номинациясына №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Азамат Молданов ие болды.
Командалық және жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен сондай-ақ шағын футболдан бірінші орын алған команда ауыспалы кубокпен марапатталды.
Шымкент қаласы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Есенгелдіұлы Жақсыбаев жарысты қортындылап, қатысушыларға алғысын білдірді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған