Қала тұрғындарымен кездесулер сәтті өтуде

0
43

Түркістан шаһарының басшысы Нұрбол Тұрашбеков Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, қаладағы алты сектордың тұрғындарымен кездесулерін сәтті өткізді.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз.Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз»,-деді.

Қала тұрғындары төрт жылда атқарылған жұмыстардың таңғаларлық қарқынмен жүргізілгеніне қарамастан мемлекеттік құрылымдарға тапсырыс берумен қатар, арыз-шағымдарын да көбейте түскен. Себебі, облыс мәртебесін алған түркінің төрі барынша заманауи талаптарға сай болғаны жөн. Күні бүгінге дейін қала әкіміне тұрғындардан 455 шағым арыздар түскен болса, қазіргі таңда оның 326-сы орындалған. 105-і орындалу үстінде. Ендеше, барлық алты сектордағы атқарылған кешенді жұмыстарды тарата әңгімелесек.

 

БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ КІРІП КЕЛЕДІ

 

Нұрбол Әбдісаттарұлы «Бірлік» тұрғындарымен бүгін кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстарды баяндады. Шағын ауданның тұрғындарының негізгі өзекті жайлары сумен қамту, жол жағдайы, кәріздік жүйе, балабақша, электр желісінің толық жеткізілмеуі, Интернет желісінің нашарлығына қатысты болып отыр.

Түркістандағы «Бірлік» тұрғын үй алабында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілді. Қазіргі таңда оның 58-і орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді. 3,3 шақырымды құрайтын 3 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. 35 шақырымды құрайтын 33 көшені жарықтандыру жоспарлануда. 12 шақырымды құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүруде, жұмыстардың 90 пайызы аяқталды. Бірлік секторын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жаңа 5 трансформатор орнатылды. Енді электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде. Жалпы жобаға сәйкес, 85 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталды. Кездесу барысында тұрғындар өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

ШАУҒАРДА ШАРУАЛАР ШЕШІМІН ТАБУДА

 

 Бүгін қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков №26 мектепте Шауғар секторының тұрғындарымен кездесті. Онда қала әкімі алдыңғы кездесулерде тұрғындардан түскен арыз-шағымдар мен тапсырыстардың орындалу барысына тоқталып, алдағы жоспарымен бөлісті.

Шауғар секторында барлық мәселе кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында сектор тұрғындарымен кездесуі барысында 51 мәселеле көтерілген болатын. Олардың 37-сі бүгінде толық шешімін тапты, 10 мәселе бойынша жұмыстар басталып, қазіргі таңда атқарылуда, ал 4 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. Шауғар секторында 22 аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде. Бұл жұмыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Ескірген ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және метал құбырлары арқылы жүргізілген су желілерін полиэтилен құбырларына ауыстыру мақсатында 91 шақырым ауыз құбырларының құрылысы басталды. «Шауғар» тұрғын алабындағы ауыз су тартылмаған көшелерге жоба жасалып, қаржы қарастырылды. Қазіргі таңда конкурс өткізілуде, құрылыс қазан айында басталады деп жоспарлануда. Жобадан тыс қалған жеке тұрғын үйлерді де табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс жобасы әзірленіп, қаржы қарастырылды. 20 шақырымды құрайтын 31 көшеге тас төселді. 3 шақырымды құрайтын 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. Тұрғындардың өтініші бойынша балалар алаңшасы және шағын футбол алаңшасы салынды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған