«ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТАЛАНТТАРДЫҢ ТАНЫЛУЫНА ЖОЛ АШАДЫ

0
51

Былтырдан бастап дарынды оқушылар мен білімге ұмтылған жастар үшін жаңа жоба жүзеге асты. «Елбасы медалі» деп аталатын республикалық бағдарлама 14-29 жас аралығындағы азаматтарға арналған. Бұл жобаны жеңіп шыққан жастар үш түрлі медальмен марапатталады.

Қола 14 жастан бастап, күміс 15-жастан бастап, Алтын 16-жастан бастап беріледі. Осы медальдарға қол жеткізген азамат мемлекеттік грант алу кезінде басымдыққа ие болады. Өзгелермен грант үшін бәсеке болғанда басымдық «Елбасы медалі» иегерлеріне беріледі, -дейді сала басшылары.Ол үшін 6 айдан  18 ай көлемінде қашықтықтан берілген тапсырманы орындап отыру керек.

Бұл бағдарлама 7 бағыт бойынша өрбиді. Спорт, дарындылық пен дағдыны қамту, кітап оқу, волонтерлік, ұлттық мұра, туристік және жұмыс тәжірибесі. Бұл жобаға қатысу әркімнің өз еркінде. Әр облыстан өтініш берген алғашқы 1000 адам ғана қатыса алады.

Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «El Umiti» бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба «Елбасы Медалі» деп аталды, дейді жоба жетекшілері.

Айта кету керек, былтыр Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында 10 оқушыға «Елбасы медалін» табыстаған болатын.

Leave a reply