ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ КАРАНТИН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛУЫ БОЙЫНША БІРНЕШЕ НЫСАНДЫ ТЕКСЕРДІ

0
57

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала  аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын  күшейту жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, шымкенттік полицейлер карантин режимінің сақталуын қатаң бақылауда. Қаратау ауданының тәртіп сақшылары Сайрам тұрғын алабында орналасқан фастфуд орталығының карантин талаптарын бұзып, «Ашық» бағдарламасына тіркелмей, 21:30-ға дейін жұмыс жасап тұрғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысан жұмысшылары медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен. Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.

Бүгінде Қаратау ауданы аумағында 1039 кәсіпкерлік нысан бар. Ауданда 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, 2021 жылдың  қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған