“ТЕҢ ҚОҒАМ” ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢДІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

0
55

Мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын ел тұрғындары қызу талқылауда.

Ел Президенті Жолдауында: «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз»,- деді.

Міне осыған орай, Түркістан қаласындағы  Жеңіс саябағында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің қолдауымен тағы бір халыққа қызмет көрсету орталығы қазанның бірінен бастап бой көтермек. 1-қазан Қарттар күні мерекесіне орай ашылатын орталықта «Тең қоғам» бағдарламасы бойынша мүгедектігі бар жандар, зейнеттегі қариялар, отбасында зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға кешенді көмек көрсетіледі.

Түркістан қалалық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің жанындағы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Гүлжамал Даханованың  айтуынша,  медбике мұнда келген қала тұрғынының денсаулығын тексеріп, қан қысымын өлшеп, сол бойынша шаралар қабылдайды. Бөлімдерге жолдама береді. Психолог Гүлмира Әлімқұлова көпшілікке жалпы психология бойынша дәріс береді. Мұнда бәрінен бұрын отбасында зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға психологиялық көмек, мемлекеттік мекемелерден өзіне тиісті құқықтық қамқорлық ала-алмай жүрген жандарға заңды негіздегі кеңестер беріледі. Жалғызбасты қоғамның қамқорлығынсыз қалған қариялардың бір жерде бас қосып, көпшілік мәдени іс шараларға белсенді араласуына мүмкіндік береді. Қаланың көрікті жерлерін бірге аралап, театрларға баратын болады. Оларға медициналық қызмет те көрсетіледі.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қазірдің өзінде жұмысын бастап, халыққа демеу болуда. 73-тегі қала тұрғыны үш мәрте Меккеге барып келген қажы Әбдрайым Асенов ақсақал жаңа орталықтың ашылғанына дән риза.

Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Жеңіс саябағындағы «Ынтымақ» үйінде орналасқан барлық қоғамдық ұйымдармен, «Жастар» орталығымен бірлесе отырып, қоғамдағы теңсіздікке ұшыраған жандарды қазіргі жағдайға бейімдеуде.

Бұл орталықтың тағы бір қызметі қариялардың өздерінің хоббиіне байланысты үйірмелерді де ұйымдастыруында. Мүгедектігі бар жандарға қолайлы жұмыс орындарын ашуға да жәрдемдеседі.

Орталықтың құрылыс жұмыстарын қолына алған «Ұлттық сертификация орталығы» ЖШС межелі мерзімде барлық күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтап, тиісті құрал жабдықтар жеткізілетінін мәлімдеді.

Ескендір ЕРТАЙ.

 

Leave a reply

Ақпарат қорғалған