ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖАҢА ЖҰМЫС КЕСТЕСІНЕ КӨШТІ

0
41

2021 жылдың 15 шілдеден бастап Шымкенттегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады.

Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды.  Сенбі-жексенбі  демалыс.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында, ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGov mobile қосымшасы,  eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

ХҚО-ға барған кезде қашықтық пен бетперде тағу талаптарын сақтауды сұраймыз.

Шымкентте өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 416 жағдай тіркелді. Оның 286 симптомды, 130 симптомсыз. 109 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 207 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 1346 адам ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, өткен бір тәулік ішінде қалада 8473 адам вакцина алды (I компонент-4969, II компонент-3993). Егу науқаны басталғалы барлығы 330 323 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 202 020 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қазіргі таңда  аталған індеттің қаупі өршіп тұр.  Бұл ретте медицина мамандары карантин режиміне сәйкес санитариялық-эпедемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтау қажеттігін ескертеді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған