Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 10 дүкеннен қосымша бұрыштар ашылады

0
101

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 10 дүкеннен қосымша бұрыштар ашылады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.

– Біз нарықтық экономикадағы бағаны бақылауда ұстау үшін тұрақтандыру қорына 4,7 млрд теңге бөлдік. Сол ақшаға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік алып, тиісті әлеуметтік дүкендерге қолжетімді бағамен ұсынып отырмыз. Біздегі «ГраМад», «Магнум», «Фиркан» сияқты ірі желілік дүкендердің бәрінде әлеуметтік азық-түлік бұрыштары бар. Сол жерден алуға болады, — деді Мұрат Әйтенов.

Әкімнің айтуынша, Шымкент қаласы азық-түлік бағасының өсу қарқыны бойынша 11 орында.

– Біздегі әр ауданда биыл тағы 10 дүкеннен әлеуметтік бұрыш ашып жатырмыз. Екеуін аштық, қалғанын жылдың аяғына дейін ашамыз. Мемлекет басшысының «Егістен-сөреге» дейтін тапсырмасы бойынша төрт ауданда аптасына екі рет жәрмеңке ұйымдастырып отырмыз. Өзге қалалармен салыстырғанда, азық-түлік бағасының көрсеткіші бойынша 11 орында тұрмыз. Бағаны өсімі соншалықты үлкен емес, — деді шаһар басшысы.

Leave a reply