«АУЫЛ АМАНАТЫ» АУҚЫМДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

0
178

Сайрамдық Тұрар Сүлейменов «Ауыл аманаты» жобасы  бойынша ауданда бірінші болып 2,5 пайыздық несие алып,іс бастапты. Ауыл тұрғыны мемлекеттен алған қаржыға бірден буаз сиырлар сатып алған.Ірі қарасының алды төлдеп,сүт бере бастапты.Болашақта мал басын көбейтіп, жұртты сүт өнімдерімен қамтуды көздеп отыр.

Тұрар Сүлейменовтің әрбір таңы сиырларға шөп салумен атады.Шаруа малға қалай күтім жасау керек екенін жақсы біледі. Өйткені жастайынан төрт түліктің ішінде өскен.Мал алып,шаруашылықпен айналыссам деген арманының орындалуына Мемлекеттік «Ауыл аманаты» жобасы негіз болыпты. Тұрғынның күні кеше бос тұрған қорасында бүгін 18 ірі қарасы бар. Ол 2,5 пайызбен алған 8 миллион теңгеге ойланбастан сүтті буаз  сиырлар сатып алыпты. Ірі қарасының алды төлдеп, сүт бере бастаған. Алдағы уақытты мал басын көбейтіп,ауылдағыларды  сүт өнімдерін  қамтуды көздеп отыр екен.

Тұрар Сүлейменов, Сайрам ауданының тұрғыны

— Мынау ауыл шаруашылық бағдарламасымен 8 миллион алдым. 8 миллионға 18 бас шымкенттен мал алдым. Қазір сол сиырды сауып бастап, сүт өткеріп жатырмыз. Сүтті мынау ауылда өзіміздің сыр зауыты бар. Соған өткеріп жатырмыз.

Үкімет пен «AMANAT»партиясы бірлесіп  қолға алған «Ауыл аманаты» жобасына Сайрам ауданындағы 4 ауыл пилоттық жоба ретінде енген.Атап айтқанда  Көлкент, Қайнарбұлақ,Жібек жолы  мен Ақбұлақ ауылдары бар. Болашақта тізімге тағы бір ауылды қосу жоспарланып отыр екен. Соның ішінде дәл осы Ақбұлақтықтар алғашқылардың бірі болып несие алған.

Әбдібек Үсіпбеков, Ақбұлақ ауыл әкімінің орынбасары

— Бізде негізі бірінші кезде үміткер 127 адам болған қазіргі таңда 30 өтінім түсті. Соның 7-еуі қаржыландырылды. 3 еуі қаржыландыру үстінде осы 2 күн шамасында алады. Негізгі басымдықтар мал шаруашылығы мынау сүт бағытында бордақылау. Кәсіпкерлік саласы бар олар өздерінің кәсібін ашатын болса көмек бар.

Сайрам ауданы бойынша жобаға қатысуға ниет білдіргендердің саны  114 ке жеткен. Негізі 266 адамға несие беру жоспарланған. Оның 8-і қаржыландырылған. Қалғаны қаралып жатыр екен. Жалпы 6 бағытқа негізделген жоба шарттары да оңай. Кепілге баспана болуы шарт. Туыстарының үйі болса да бола береді,зейне жасында болмауы керек, кәсіпкер және өндірістік кооператив мүшесі болуы керек банк алдында берешегі болмауы керек,дейді бөлімдегілер.

Рысқұл Есполай,Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

— Негізі келіп жатқан азаматтардың кері қайтып жақтаны көп емес. Мысалы 114 11 азаматы кері қайтарылды. Кепілдігі бар кейбірі банк алдында берешегі болып қалып жатыр. екіншіден құжаттарды дәрісмдеу кезінде тұрғындар қиналып жатқаны бұрын жерін үйін легализация кезінде туралаған соны қайта рәсімдеу уақы талып жатыр. біз оған цон арқылы көмектесіп жатырмыз.

Сайрам Түркістан облысындағы халқы тығызы орналасқан аудан болып есептеледі.Бір ғана Қарабұлақ ауылы еліміздің өзге өңірлерін ет өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді.Сондықтан ауыданда мал шаруашылығына көбірек мән беріліпті.Мемлекеттік жобаға қатысушылардың дені де несиені осы мал шаруашылығына сұрап отыр екен. Оның ішінде ет және сүт өнімдерін молайту да бар.Ал, кәсібін ашып нәпақа табам дегендерге ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы, мол мүмкіндік береді дейді мамандар.

Leave a reply