А.Мамин: Ай сайын 2 млн адамға екпе саламыз
![](https://infonews.kz/wp-content/uploads/2021/04/61b40efa830098db7fd85e706261669f_L.jpg)
Биыл күзге дейін 10 млн адамға вакцина салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді. Премьер-министр әр ай сайын 2 млн адам екпе қабылдайтынын айтты. Сөйтіп, алдағы 3 айда 6 млн тұрғынға вакцина салынбақ. «Ал ұжымдық иммунитет қалыптасу үшін қыркүйекке дейін ұзын-ырғасы 10 млн адам вакцина қабылдауы тиіс», — деді Асқар Мамин.