Биыл Тұран шағын ауданындағы 6 көшенің құрылысы аяқталады

0
112

Шымкент қаласы Тұран шағын ауданының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 13 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

Аталған көшелердің жобасына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, веложол және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген. Айта кетерлігі, Тұран шағын ауданындағы №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарға қойылған.

Ал, № 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары 2022 жылға өтпелі.

Жалпы Шымкент қаласы республикалық мәртебеге ие болуына байланысты соңғы жылдары шаһардағы жол инфрақұрылымын дамытуға айрықша назар аударылып отыр. Мәселен, биыл барлығы 128 нысанда жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның жалпы ұзындығы – 253 шақырым. Оның ішінде жалпы ұзындығы 56 шақырымды құрайтын 12 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілсе, қайта құру жұмыстары 8 шақырымдық 3 жолда жүргізілуде.

Мұнан бөлек қазір 4 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның жалпы ұзындығы – 49 шақырым. Жалпы ұзындығы 138 шақырымды құрайтын 109 нысанда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply