ДЕПУТАТТАР ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
48

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары аудан, қалаларда халық алдында мәслихаттың өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп беруде. Осы мақсатта, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Б.Серманизов Шардара ауданының халқымен кездесті. Кездесуді Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Н.Сапаров жүргізіп отырды.

Кездесуге  аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, аудан халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Алғашқы болып сөз алған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов мұндай әр аудан, қалаларда сайлаушылар алдында халық қалаулыларының есеп беруі алғаш рет өткізіліп отырғандығын және алдағы уақытта жүйелі түрде ұйымдастырылатындығын айтты.

Одан бөлек, мәслихат төрағасы облыс орталығы атанған Түркістанда үлкен жұмыстар атқарылғандығын, қазіргі таңда аудандардағы өзекті мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлініп отырғандығын жеткізді. Осы орайда облыс әкімі Д.Сатыбалдының бастамасымен облысқа инвестиция тарту, ірі өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жаңа жобалар қолға алынғандығымен бөлісті.

Жиын барысында депутат Б.Серманизов 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол баяндамада облыстық мәслихатта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, Шардара ауданына 2023 жылы түрлі сала бойынша 66 нысанға 4 миллиард 227 миллион теңге бөлінгендігін, оның ішінде: республикалық бюджеттен — 238 миллион теңге, ұлттық қордан — 1 миллиард 391 миллион теңге, облыстық бюджеттен — 2 миллиард 599 миллион теңге қаралғанын айта отырып, осы нысандар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.

Сондай-ақ, халық қалаулылары тұрғындардың өтініштері мен           ұсыныс-пікірлерін тыңдады және сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындар тарапынан әлеуметтік және ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

Жалпы,  аудан халқы осындай есеп беру кездесуін өткізген депутаттарға алғыстарын білдіре отырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Түркістан облыстық мәслихаты

Leave a reply

Ақпарат қорғалған