ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫ ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

0
182

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында атап көрсеткендей, электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану жағдай қазіргі кезде ең өзекті мәселелерге айналып отыр. Сондай-ақ, Президент:

— Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады, — деген болатын.  Қазақстандағы электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісі, ал жылу коммуникациясы мен су құбыры желісі жартылай тозғаны туралы деректер алдағы уақытта апатты жағдайлардың ықтималдығын аңғартатыны анық.  Осыған байланысты монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» атты жаңа тариф саясатына көшу керектігі жөнінде бастама көтерілген болатын. Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» атты жаңа тариф саясатына көшуде бірнеше тиімді тұстар айтылып келеді.  Мысалы, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту — алдағы негізгі мақсатқа айналды. Осыған орай,  Түркістан облысында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру жайы да қолға алынуда.

Түркістан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу саласында көрсетілетін қызметтердің анықтамаларының нәтижесінде  іс-шаралар өңірдің барлық факторлары мен ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Желілердің ескіруі – жыл өткен сайын өзектілігі өршіп тұрған мәселе болғандықтан, оны шешу мен апаттардың алдын алу да тез арада аяқталмайтыны анық. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында 3 негізгі субъект бар.

— Түркістан қаласы әкімдігінің «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Түркістан-Су» МКК Түркістан қаласы аумағындағы желілер мен сарқынды суларды бұру қызметін атқарады.  Осыған байланысты «Түркістан-Су» МКК «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатын ескере отырып, тарифтер мен тарифтік сметаларды және инвестициялық бағдарламаларды бекітуге өтінім беруді жоспарлап отыр.

— Түркістан облысы және Шымкент қаласы аумағында электр энергиясын жеткізу қызметін «Оңтүстік-Жарық Транзит» ЖШС атқарады.

Жаңа тарифтік саясатты жүргізу үшін Үкімет табиғи монополиялар туралы заңға өзгерістер енгізді. Аталған заңдағы 22-баптың («Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі») төмендегі тармақтары өзгертілді:  

8) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының өзгеруі;

9-1) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда оны мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы;

9-2) өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі.

Осыған байланысты жаңа тарифтік саясат «Түркістан-Су» МКК, «КЕНТАУ СЕРВИС» МКК секілді Түркістан облысының аумағындағы табиғи монополия субъектілерімен жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, халыққа сапалы әрі қолайлы жағдай жасау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды бекітпес бұрын олардың жобасы тұтынушылар алдында қорғалады. Тұтынушыларды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін кәсіпорындарда су жет­кізетін желілері мен түрлі жаб­дықтарда ақау болмағаны жөн. Ал қазіргі жағдайға қарай өңірдегі  желілер мен жаб­дық­тар тозған. Осындай олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жүзеге асатын «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының маңызы мен мақсатына баса мән беру керек.  Мемлекет басшысы тапсырмасымен жаңа тарифтік саясатқа көшу жөнінде шаралар бойынша жаңа инвестиялар тарту арқылы коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды көзделуде. Бұл ретте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар 3 субъекті бойынша бағаны мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібінің сақталуын жүзеге асырады.

 

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің

Түркістан облысы бойынша департаменті.

 

 

Leave a reply