Жеке қабылдауда тұрғындардың мәселесі оң шешімін табуда

0
67

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мыңбаев тұрғындардың мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді. Қабылдауда аудан тұрғындары бірқатар мәселелерді көтерді.

Атап айтқанда, тұрғын үй кезегі, атаулы әлеуметтік көмек, көшеге жылдамдық бәсеңдеткіш (лежачий полицейский)орнату және заңсыз құрылыс турасында мәселелер қаралды. Аудан әкімі тұрғындарға Әл-Фараби әкімі аппаратының құзыретіне кіретін мәселелер жақын арада шешімін табатынын, қалған мәселелер тиісті басқармаларға жолданатынын түсіндірді.

Ал қабылдауға келуге мүмкіндігі жоқ азаматшаға Рашид Мамытұлы өзі барып, мәселесін тыңдады. Ш. Қалдаяқов көшесінің тұрғыны Сауле Құдайбергенова ауладағы балалар алаңшасының бірнеше ағаш элементтерін пластамассаға ауыстырып беруін сұрады. Аудан әкімі бұл мәселені ойын алаңшасын орнатқан демеушілермен қарастырып көретіндігін жеткізді.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлы жеке қабылдауды тұрақты түрде әр бейсенбі күні өткізеді. Қабылдауға жазылу үшін тұрғындар әкімдікке келіп алдын ала өтініш қалдыруы тиіс. Одан бөлек тұрғындар сұрақтарын әр дүйсенбі күні @alfarabi.shymkent парақшасында онлайн форматта өтетін тікелей эфирде қоя алады.

Leave a reply