Wednesday, December 4

КЕНТАУ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ КЕНТАУЛЫҚ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

0
52


Түркістанда Республика күніне арналған «Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасы өтті. «Тұлғалар» прологымен ашылған мерекелік кеште ұлттық мерекенің мән-мазмұны жан-жақты айшықталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Жиынға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, өңір тұрғындарын құттықтады. Сонымен қатар өңірде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды да баяндады.
– Еліміз үшін бұл мерекенің ерекше тарихи мәні бар. Мемлекет Басшысының Ұлытауда өткен құрылтайдағы шешімінен кейін Республика күні ұлттық мерекесін жаңа мазмұнда атап өтудеміз. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздеріне жол ашты. Біз егемендік жылдары қиындықтар мен сын-қатерлерді бірге еңсердік. Таяуда Президентіміз Түркістан өңіріне жасаған сапарында бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралады. Облыстың рухани, мәдени тынысымен және іске асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты. Қолға алынған жұмыстарды жоғары бағалады. Соның ішінде Түркістанның таза әрі көрікті қалаға айналғанын атап өтті. Бұл – бәріміздің ортақ жемісіміз. Өңір жұртшылығы туған жерге және қоршаған ортаға құрметпен қарауды парызы екенін ұғынды. Осы ретте, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының рөлі орасан екенін жеткізгім келеді. Түркі әлемінің астанасы, қасиетті Түркістан шаһары Президенттің бастамасымен енді жаңа статусқа ие болуда. Баршаңызды тағы да Республика күнімен құттықтаймын! Әр шаңыраққа амандық, молшылық, бақ-береке тілеймін! Қазақстанның тәуелсіздігі мәңгілік болсын! – деді облыс басшысы Дархан Амангелдіұлы.
Салтанатты жиында облыстағы бірқатар адамдардың еңбегі еленді. Ұлық мерекеге орай облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан белсенді тұлғалар ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені, «Парасат» ордені, «Құрмет» ордені, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Шапағат» медалі, «Қазақсаттың еңбек сіңірген ұстазы» атағы сынды мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекет басшысы «еңбекқор адам», «кәсіби маман» бейнесіне баса мән беруде. Шынайы, адал еңбегімен қоғамға сыйлы болған үлгілі тұлғалар мемлекетіміздің құрметіне бөленіп, елдің мақтанышына айналып келеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды:
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы
«Парасат» орденімен Зәйтүнқызы Мәрия – Білім саласының ардагері
Ибадуллаев Серікбай Ибадуллаұлы – Мемлекеттік қызмет саласының ардагері
Қайыржанова Маруа – Білім саласының ардагері
Сейтімбетов Сахидулла Рахматуллаұлы – Денсаулық саласының ардагері
Тұрысбеков Сексенбай
– Ауыл шаруашылығы саласының ардагері
«Құрмет» орденімен
Ағабеков Төле – Ауыл шаруашылығы саласының ардагері
Айгенжиева Толқын Тілекқызы –
«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 IT -мектеп-лицей» КММ директоры, Түркістан облысының Жетісай ауданы
Аймұрзаев Аманғали Түктібайұлы – Мемлекеттік қызмет саласының ардагері
Әбілдабек Жазылбек Әбілдабекұлы – «Бәйдібек-несие» Кредиттік серіктестігінің төрағасы
Ділдабеков Марат Шабланұлы – Жетісай ауданы «Шаблан» шаруа қожалығының төрағасы
Жылқыбаев Ғалым Жұматұлы – Төлеби автобус паркінің директоры
Қадырбайқызы Фатима – Ауыл шаруашылығы саласының ардагері
Қайыпбеков Асет Әбдірашұлы
– «Корпорация «Сити-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктесігінің төрағасы
Мелдешов Жарылқасын – Денсаулық саласының ардагері
Меңліқұлов Барыс Тұрғанбекұлы
– Ауыл шаруашылығы саласының ардагері
Мұстафаева Ұлжалғас Әбенқызы
– Мәдениет саласының ардагері
Сақыбек Жұмаділ Сақыбекұлы
– Құрылыс саласының ардагері
Тәукеева Жанат Пазылбекқызы
– Білім саласының ардагері
Халметова Наргиза Юлдашевна
– Сауран ауданы Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен
Әбіш Шәрипа Әбдіжаппарқызы
– «Қазына» шаруа қожалығының төрайымы
Санаев Қасымбек Бектөреұлы
– «НҰРАЛЫЖОЛ-Ж» шаруа қожалығының механизаторы
Тасболатов Анарбек Асанұлы
– Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жүргізушісі
«Ерлігі үшін» медалімен
Бағзатхан Есімхан Әдетханұлы
– Кентау қаласының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Абишев Икбол Хабибуллаевич
– Сауран аудандық өзбек этно-мәдени қоғамы төрағасының орынбасары
Әлібаева Салтанат Әсеттілләқызы
– Темірлан абаттандыру мекемесінің директоры
Алтаева Жанар Елеусізқызы
– М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі
Атемқұлов Асқар Исабекұлы
– Ауыл шаруашылығы саласының ардагері
Ақылбекова Дариха Сахқызы
– Түркістан қалалық орталық ауруханасының мейіргері
Ахметов Сейілхан – Сауран аудандық ардагерлер ұйымы филиалының төрағасы
Әшірбаев Батырбек Мырзакелдіұлы – «Integra Construction KZ» жауапкершілігі шектеулі серктестігі филиалының директоры
Әйтек Зәуре Әбдіразаққызы
– Пара дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
Балтабаев Дәулет Өсімқұлұлы
– «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы дәрігері
Батаев Бахтияр Сейдаханұлы
– «Қоғамдық келісім» мекемесі Сайрам аудандық филиалының маманы
Бекишов Құрманғали Әбиұлы
– «Волковгеология» акционерлік қоғамы №5 филиалының басшысы
Жантаев Ақылбек Желеубайұлы
– Түлкібас аудандық орталық ауруханасының дәрігері
Иқапова Индира Сарқытқызы
– Түркістан қаласы «Оқушылар сарайы» МКК директоры
Қожабекова Айсұлу Базарбекқызы
– Сот жүйесінің еңбек ардагері
Медетбекова Жұпар Бегалықызы
– Мемлекеттік қызмет саласының ардагері
Наурызбаев Қуанышбай
Молдаразахұлы – Арыс қаласы «Жасыл Арыс» мекемесінің бригадирі
Орынбаев Нұржігіт Шәкірұлы
– Қазығұрт ауданы «Сапа-2002» жауапкершілігі серіктестігінің қойшысы
Рыскелді Айнагүл Смайылқызы
– «Отырар» кітапханасының директоры
Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы
– Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнің профессоры
Сламов Бексұлтан Мирсұлтанұлы
– Құрылыс саласының ардагері
Сланова Мәрия – Білім саласының ардагері
Талбидин Зәкірхан Раманқұлұлы
– Білім саласының ардагері
Темірбаев Сейдуалы
– Мәдениет және өнер саласының ардагері
Түймебаев Нұржан Бақытжанұлы
– «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының Түркістан өндірістік филиалының директоры
Өтебаев Орынбек Тастанбекұлы
– «Қайнар» шаруа қожағылығының төрағасы
Шілманов Тұрарбек Әбілбаттаұлы
– Құқық-қорғау органдарының ардагері
Шмелева Ольга Александровна
– «Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы
«Шапағат» медалімен
Әсілбаева Рита Нұртанқызы
– «Абай» Келес аудандық ауруханасының мейіргері
Бақтыкерей Омар Әсенұлы
– Шардара ауданы «Шебер» мүгедектер қоғамының директоры
Бегайдарова Ләйлә Өміртайқызы
– Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы
Есенбекқызы Қарашаш
– Білім саласының ардагері
Құдайқұлов Серік Жаппарқұлұлы
– «Қазақ соқырлар қоғамы» Түркістан облысы филиалының өкілі
Мұсаева Ақілгек Құрбанқызы
– Ауыл шаруашылығының ардагері
Пернебекова Бубихадиша Садыққызы – Әлеуметтік саласының ардагері
Тұрысбеков Сәкен Әбдіразақұлы
– Облыстық балалар ауруханасының дәрігері
Маннопова Озода Баходиркызы
– «Haileybury Astana School» КЕАҚ мұғалімі
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағымен
Мамадалиева Махсуда
Бабажановна
– Сауран ауданы Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры
Облыстың дамуында барлық салалар бойынша оң көрсеткіштер бар. Жалпы өңірлік өнім көлемі 9 айда 3,7 трлн.теңгеге жетті. Біз негізгі басымдықты жаңа жұмыс орындарын ашуға бағыттап отырмыз. Сол мақсатта Сауран ауданында 100 гектар аумаққа «шағын өнеркәсіп парк» жобасын жүзеге асырдық. Бүгінгі таңда, паркте 10 өндірістік ғимараттың құрылысы аяқталып, 8 ірі жоба іске қосылды. Биылғы 9 айда облысымызға 822 млрд.теңге инвестиция тартылды. Өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артты. Ауыл шаруашылығында 747,3 млрд. теңгені құрайтын өнім өндіріліп, Түркістан облысы республикада көшбасшы орында. Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етумақсатында 26 жоба іске қосылып, 194 жұмыс орны ашылды. Облыста ақ алтынның элиталық сорттарын өсіруді және шикізатты терең өңдеуді қамтитын мақта-тоқыма кластерін құру қолға алынды.
Әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. «Конгреесс холл» көпсалалы кешенінде өткен кешті Жандос Өсербаев мен Аяжан Ештаева тізгіндеді. Мерекелік жиында республикалық «Түркістан дауысы-2024» жас орындаушылар байқауының бірінші орын иегері маңғыстаулық Луиза Нұрқуатова, «Voice of Turan» Халықаралық ән байқауының Гран-при иегері Cюзанна Мелконян және ІІ орын иегері Самир Елчиев, қазақ эстрдасының жарық жұлдызы Ғазизхан Шекербеков, Айзада Асылхан, Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының әртістері, «Фараб» би ансамблі, саксофон, баян, виолончель аспабында орындаушылар, «Жаңа леп» ұжымының әншілері, «Самғау» би ансамблі мен «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

Leave a reply