Thursday, December 26

Мұрат Әйтенов Шымкенттің 30 жылдағы басты жетістіктерін атады

0
111

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында шаһардың 30 жылдағы басты жетістіктерін атады.

– Шымкент қаласының халық саны тоқсаныншы жылдары 400 мың болса, қазір 1 млн адамнан асты. Шымкенттің әр екінші тұрғыны – тәуелсіздік тумасы. Отыз жыл бұрын қалада алпыс тоғыз мың оқушысы бар 72 мектеп болса, қазір 226 мың бала оқитын жүз сексен алты мектеп бар. Қала бюджеті 1991 жылы бір млрд теңге болатын. Бүгін 480 млрд теңгеден асты. Өмір сүру ұзақтығы он жылға өсті. 1991 жылы орташа жас 63 болатын. Қазір жетпіс бір жастан асты, – деді әкім.

Шаһар басшысының айтуынша, қаланың аумағымен бірге ішіндегі жолдардың ұзындығы да бірнеше есе артқан.

– Осыдан отыз жыл бұрын қалада сегіз жүз отыз екі шақырым жол болса, бүгінде төрт есе өсіп, үш мың үш жүз отыз бір шақырымға жетті. Бұл жетістіктің барлығы да Шымкент қаласы тұрғындарының бірлігі мен іскерлігінің арқасында болып отыр, – деді Мұрат Әйтенов.

Leave a reply