ОҚМПУ-да «Виртуалды қабылдау комиссиясы-2021» жұмысын бастады

0
46

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Виртуалды қабылдау комиссиясы-2021» өз жұмысын бастады. Оқуға түсушілер электронды үкіметтік портал арқылы білім беру грантын беру конкурсына қатысуға, сондай-ақ жоғары оқу орындарына қабылдау және жатақханадан орын алуға онлайн форматта құжаттар тапсыра алады. Бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүйелі орындалуының бір көрінісі, яғни аталған қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарға (ЖСН болған жағдайда) қолжетімді болады.

2021-2022 оқу жылында ҚР жоғары оқу орындарына, сонымен қатар ОҚМПУ-ға оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау үшін ректордың бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясының жауапты тұлғалары мен техникалық хатшыларына қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Ғ.Ш. Битұрсын мәжіліс жасады.

Мәжілісте жауапты хатшы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын, Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген тестілеуді өткізу талаптарын түсіндіріп, нұсқаулық хатпен таныстырды.

Жиында университет медбикесі Мәрзия Сансызбаева техникалық хатшыларға барлық белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, қауіпсіз ортада ортада жұмыс жасау керектігін айтты.

Leave a reply