Оңтүстікте егінге орақ түсті

0
99

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бидай ору науқаны басталды. Аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Егістік алқаптарындағы комбайндар астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құюда.

Егін орағын алғашқылардың бірі болып Дарбаза ауылдық округіндегі диқандар бастады. Орақ науқанына 50 комбайн мен 100-ге жуық жүк көлігі қатысуда. Аудан диқандары жылдағыдай биыл да астықтан мол өнім жи­наудан үмітті. Әрине бұған шаруашылықтарға жасалған жеңілдіктер оң ықпал етуде. Сонымен қатар оларға лизинг негізінде техника берілген. Жа­нар-жағармай, қажетті бөл­шектермен, минералды тыңайт­қыштармен қамтамасыз ету мә­селесі де жыл сайын жақсарып келеді. Биыл аудан бойынша 44,9 мың гектар жерге масақты дақылдар егілсе, оның ішінде бидай – 33,4 мың гектар, арпа – 7 мың, жүгері – 4,5 мың гектар. Жалпы, биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары жоспарланған 851 мың гектарға толық егілген. Егіс алқаптарын әрта­раптандыру шеңберінде мал азықтық дақылдардың көлемі 5,5 мың гектарға артып, 227,5 мың гектарға орналастырылды. Сондай-ақ дәнді дақылдар – 298,2 мың гектарға, дәндік жү­гері – 44,5 мың, бидай –201,2 мың гектарға егілді. Өңірде мал азық­тық дақылдың 2 жылдық қорын жасақтауға ерекше мән берілуде.

«Былтырғыдай күрделі жағ­дай қайталанбауға тиіс. Мал азығын әзірлеуге, жинауға баса назар аударыңыздар. Би­ыл 2 жылға же­тетін қор жа­сақ­тау қажет. Ауа райының жаң­быр­лы әрі шөп­тің мол болуы қо­лайлы болып тұр. Жемшөп­тің бағасы да был­тыр­ғыдан арзандады. Осы мәсе­лені то­лық қадағалап, мониторинг жүр­гізіп отырыңыздар», деді облыс әкі­мі Өмірзақ Шөкеев апталық ап­параттық мәжілісте.

Ауыл шаруашылығы бас­қар­масының басшысы Нұр­­бек

Бадырақовтың айтуына қа­рағанда, биылғы егіс науқанына 12,2 мыңнан астам ауыл ша­руа­шылығы техникасы тар­тылған. «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ тарапынан дала жұмыстарына 1 672 агро­құрылымға 5,3 млрд теңге несие берілген. Көктемгі егіс және дала жұмыстарын жүргізу үшін облыста төмендетілген бағамен 47,9 мың тонна дизель отыны бөлініп, босатылды. Облыста 475 түрлі минералды тыңайтқыш құнының

50%-ын субсидиялауға 6 млрд теңге қаржы бөлінген, 319 мың гектар егістік алқап тыңайтылады. Биыл облыста мал басының артуына байланысты қысқа 4,1 млн тонна мал азығының қажеттілігі ай­тылуда. Бұл орайда бүгінде 0,5 млн тонна мал азығы дайындалды. Егілген егіс көлемінен 645 мың тон­на мал азығын жинау көз­делуде.

Айта кетелік, өңірде егістік алқап басынан сығымдалған табиғи шөптер бумасы 350-400, жоңышқа 500-700 теңге ара­лығында сатылып жатыр. «Азық-түлік келісімшарт корпора­ция­сы» АҚ арқылы облысқа бө­лінген 34,4 мың тонна бидай­дан алынатын 9,3 мың тонна кебек агроқұрылымдарға арзан­да­тылған бағамен, яғни килосы 65 теңгеден сатылуда. Бүгінде 334 агроқұрылымға 540 тонна кебек босатылған.

Leave a reply