«Сайрам» тұрғын алабында 8 көше жөндеуден өтуде

0
73

«Сайрам» тұрғын алабында жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған тұрғын алаптағы жетпіс тоғыз көшенің жалпы ұзындығы – екі жүз қырық жеті бүтін бес шақырым: асфальт жол – 145,3, тас жол – 102,2 және топырақ жол – 0 шақырым.

Кестеге сәйкес, биыл 8 көше жөндеуден өтеді. Жалпы ұзындығы – 14,8 шақырым. Атап айтқанда, мердігер «Нұрлы жол» ЖШС бүгінде Cыдықхан ата ( 2,2 шқ), Гозохан көшесінде (3,0 шқ) жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС Марьям ана, Хавазмат ата көшесінде (1,1 шқ) жөндеу жұмыстарын бастады. Орындау мерзімі – мамыр-маусым айы.
Бүгінде тұрғын алапқа №30 – Сайрам — Акбар базар, №139 Сайрам – Ордабасы, №148 Шапырашты – Акбар базар бағытында қоғамдық көлік қатынауда.

Айта кетсек, Шымкент қаласында Сайрам тұрғын алабында бастауыш мектептің жүз жиырма орындық қосымша құрылысы жүргізілуде. Бас мердігер – «А.Р.Т. — Құрылыс» ЖШС. Құрылыс былтыр наурыз айында басталған болатын. Биыл бірінші қыркүйекке тұрғындар игілігіне тапсыру жоспарланған.

Leave a reply