СОЗАҚ АУДАНЫ ЭКОНОМИКАНЫ ӘРТАРАПТАНДЫРУҒА КІРІСТІ

0
104

Сайын даланың төріндегі Созақ өңірінің болашағы айқын, бағдары басым, жоспары жүйелі жүзеге асып келеді. Соңғы жылдары облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өңірге жасаған сапарлары барысында аймақта ауа-райының қолайлы болуына сәйкес, мал тұқымын асылдандыру, экономиканы әртараптандыру, егісті тамшылатып, жаңбырлатын суғару технологияларын көшіру сынды кешенді һәм стратегиялық ұзақ мерзімді бағдарламалар жүзеге асырыла бастады.

Мұның барлығын аудан әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына орай ауылдардағы тұрғындармен кездесуінде кеңінен түсіндірді.

Былтырғы жылы жылдың соңындағы көрсеткішке байланысты Созақ ауданы облыс бойынша барлық көрсеткіштерден 4-орын алды. Қазіргі таңда үш жақты келісім бойынша облыс әкімі, облыс ауыл шаруашылығы басқармасы және аудан кәсіпкерлері үлкен жетістіктерге жетуде. Оның ішінде теріскейлігіне, әр өңірдің климаттық жағдайына байланысты тың тапсырмалар беріледі.

Әкімдіктің халық үшін атқаратын басты бағыттары ол – тұрғындардың табысын арттыру, жұмыспен қамту, өмір сүру сапасын арттыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым мен тұрғын үй, сапалы білім мен саналы тәрбие, медициналық көмек және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері болып табылады. Ауданда халық саны жылдан жылға артып келеді. Халықтың саны өскен сайын, тұрғындар тарапынан көптеген мәселелер мен сұрақтар туындайды. Яғни өсім бар жерде, өзекті мәселелер де болып жатады.

Сондықтан, аталған мәселелерді дер кезінде шешу әкімшіліктің басты міндеті болып қала береді.

«Барлық жұмыстарымызды халықпен бірлесе, ақылдаса атқарудамыз. Сондай –ақ, «Парасат» пікірталас алаңы жұмыс жасауда. Одан бөлек, өзім барлық елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер өткізіп, өзекті мәселелерімен танысып шықтым. Ендігі кезекте аудан әкімдігі Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды жүйелі түрде орындауға қатысты жұмыстарды атқаратын болады»,-дейді Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 17 млрд. 638 млн теңге болып, 2020 жылмен салыстырғанда 2 млрд. 61 млн теңгеге артқандығы байқалды. Ауыл шаруашылығының негізгі қорына 378,3 млн теңге инвестиция тартылған. Аудан бойынша 2021 жылы 13 210 га егістік жер игеру тапсырмасы берілсе, 13912 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде: 460 га бидай, 1609 га арпа, 1129 га мақсары, 882 га жүгері, 505 га картоп, 490 га көкөніс, 481 га бақша, 8356 мал азық дақылдары. Көктемгі дала жұмыстарына 325 тонна жанар-жағар май 158 теңгеден жеңілдікпен бөлініп, 66,9 тоннасы алынды. Күзгі дала жұмыстарына 455 тонна жанар-жағар май 171-189 теңге аралығында жеңілдікпен бөлініп, 114,6 тоннасы алынды. Сондай-ақ, егіс көлемін арттыру мақсатында Cозақ ауыл округіндегі «Суындық» каналын күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 143 млн. теңге қаржы бөлініп, 3704 лоток ауыстырылып, 13 шлюз қойылып, пайдалануға берілді. Шолаққорған, Созақ, Жуантөбе, Жартытөбе ауылдық округтері мен Таукент кент әкімдігіндегі шаруалар 25 дана жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Аудандағы барлық санатта 37123 бас мүйізді ірі қара, 256353 бас қой-ешкі, 24684 бас жылқы, 13452 бас түйе, 32594 бас құс өсірілуде. 2020 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 102,2 пайызға (36315 бас), қой-ешкі 100 пайызға (256248 бас), жылқы 109,3 пайызға (22583 бас) өссе, түйе 13650 бас, құстар 32780 басты құрады. Сондай-ақ, 11305,2 тн ет (сойыс салмақта), 15 193 тн сүт, 2020 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,3 пайызға, сүт 101,5 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша мүйізді ірі қара аналығын тұқымдық түрлендіруге тарту мақсатында барлығы 40 бас асыл тұқымды бұқалар сатып әкелініп, 2743 бас мүйізді ірі қара аналығы тұқымдық түрлендіруге тартылды. Қарақұр ауыл округінен жеке кәсіпкер Жасұлан Омарбек 70 млн.теңге өз қаржысына Ресей Федерациясының, Алтай өңірінен 250 бас Қалмақ асыл тұқымды мүйізді ірі қара аналығын сатып алды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 1700 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, азаматтардың өз қаражаты есебінен 885 бас түйе аналығы және қойдың 1230 аналық басы несиелендіру жолымен сатып алынды. Агроөнеркәсіп кешен субъектілерін 780 млн.теңгеге несиелендіру жоспары берілсе, қаржы ұйымдары арқылы 1 млрд. 144,9 млн. теңге несие алып, жоспар 147 пайызға орындалды.

АУДАНДА ТӨРТ ЖҮЗДЕН АСТАМ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНЫ АШЫЛҒАН

Бұл туралы аудан әкімінің Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде белгілі болды. Аудан әкімінің айтуынша, көлемінде 405 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 362-ге жеткен. Жобаларды қаржыландыру бойынша «Ырыс» МКҰ арқылы 25 жобаға жалпы сомасы 90,9 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалы арқылы 57 жобаға 204,3 млн. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ТО бойынша филиалы арқылы жалпы сомасы 8 жобаға 64,0 млн. теңге, барлығы 65 жобаға 268,3 млн. теңге несие берілді. Кәсіпкерлік қызметке баулу, шағын несие алуға қол жетімділікті арттыру мақсатында «Бизнес Бастау» жобасы бойынша 180 адам, оқытылып, 174 адам сертификаттарын қорғады. Оның ішінде 70 адам 653 млн.теңге грант иегері атанды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1 жобаға («Дархан-Ас» ӨК) жалпы сомасы 22 млн. теңге несие берілді.

АУДАНДЫ АБАТТАНДЫРУ КЕШЕНДІ ТҮРДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Созақ ауданында магистральды газ құбыры-тармағын салу жобасының құны – 4 млрд. 110 млн. теңгені құрайды. Осыған орай, 2019-2021 жылдары 1 млрд. 813 млн. 255 теңге қаржыға Жаңатас қаласы бұрылысынан аудан орталығы Шолаққорған ауылына дейінгі магистральды газ құбыры мен 15 шақырым электр желілері жүргізіліп, 840 дана электр бағаналары орнатылды. 4 дана найзағайдан қорғау құрылғысы орна-тылып, 43,8 шақырым құбырдың 98%-ы көмілді. АГТС қондырғыларының орындары әзірленді. Шолаққорған ауылының ішкі жүйесін газбен жабдықтау жұмыста-рына 2021 жылы 1 млрд. 45 млн. 232 мың теңге бөлініп, 150-ге жуық көшеге газ құбыры жүргізілді. 35 елді ме-кеннің (54259 адам) 28-і (халық саны 60 690 (97%)) орта-лықтандырылған су құбырымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 7 елді мекенге (Созақ, Шақырық, Теріскей, Шолаққорған, Қозмолдақ, Қарақұр, Қаратау) ауыз су сағатпен берілуде, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілмеген (халық саны 2087 (3 %). Сондай-ақ, жер асты су қоры бекітілген Балдысу, Қарабұлақ, Саржаз, Басбұлақ және Шақырық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлену жұмыстары жүргізілуде.

ҮШ МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Аудан әкімінің баяндауынша, кешенді жоспарды іске асыру аясында 3409 адамды қамту жоспарланса, 3108 адам қамтылып, жоспар 91,2 пайызға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту» бойынша – қысқа мерзімдік курстар бойынша ауылдық округ, кент әкімдіктерінен оқуға ниет білдірушілер бойынша тізім жасақталып, 60 адамды оқыту жоспарланып, жергілікті бюджеттен 13 млн. 550,0 мың тенге қаржы қаралып, 2021 жылы 60 адам қысқа мерзімді оқуға жіберіліп, 59 адам оқуын аяқтап, мамандағы бойынша тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 78 адам шағын несиемен қамту жоспарланып, 2021 жылы 65 адам 268 млн. 320 мың. теңге несиемен қамтылды. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 180 адам оқыту жоспарланып, 181 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы жолданып, оқуды толық аяқтаған 171 адамға сертификаттар табысталды. Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде биылғы жылға 1288 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, өткен жылдың қорытындысымен 2145 жаңа жұмыс орыны ашылып, жоспар 166,5 % орындалды. Оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл ішінде 144 адам жолдау жоспарланып, 571 адам жолданды (жоспар 405 %).

Иса БЕРКІМБАЙ.

Leave a reply