Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланды?

0
81

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың кінәсі екі бап бойынша дәлелденді. Бұл туралы Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қатардағы жауынгер Арысбаевтың әрекеті ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша сараланды. Бөлімді дәлелсіз себептермен өз еркімен тастап кету және бұйрықты қасақана орындамау. Оның кінәсі толығымен дәлелденді. 1 сәуірде әкімшілік сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге гауптвахтаға қамауға алу жазасы тағайындалды», — деді Қорғаныс министрлігінің брифингінде Бекен Шынтілеуов.

Leave a reply