Токио Олимпиадасына Шымкенттен 10 спортшы қатысады

0
44
Шымкенттік спортшы Данияр Юлдашев — каратэ спорт түрінен Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиадаға жолдама алды.
Данияр Юлдашев — каратэ спорт түрінен Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оның спорттағы жетістіктері айтарлықтай.
Атап айтсақ, 2016 жылы Индонезияда өткен кадеттер мен юниорлар арасында Азия чемпионатында 3 орын иеленсе, 2017 жылы Тараз қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды.
Ал 2017 жылы Астанада өткен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионатының, 2018 жылы Испанияда өткен «Премьер Лига» Халықаралық турнирінде және Германияда өткен «Премьер Лига» Халықаралық турнирінің күміс жүлдегері болды.
Сонымен бірге, 2018 жылы Испанияда өткен ерлер мен әйелдер арасында Әлем чемпионатында 5-орынға тұрақтады.
2019 жылы Атырау қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионатының және Жазғы Спартакиадасының жеңімпазы атанса, 2021жылы ХТ Премьер-Лига күміс жүлдегері (Түркия) атанды.
Айта кетейік, олимпиадалық ойындар түрі ретінде каратэ алғаш рет ұсынылып отыр. Алдағы әлемдік дода Шымкенттен 3 каратэші Дархан Асадилов пен Данияр Юлдашев және Софья Берульцевалар өз шеберліктерін көрсетеді.
Қазір Шымкент қаласының қоржынында олимпиадаға 10 жолдама бар.
Атап айтсақ, Олимпиядаға жолдама алғандардың ішінде стенд атудан — Сәрсенкүл Рысбекова, Кравченко Зоя, оқ ату — Юрий Юрков, бокстан — Закир Сафиуллинғ каратэден — Дархан Асаділов, Данияр Юлдашев, Софья Берульцева байдаркадан есу — Сергей және Тимофей Емельяновтар және көркем гимнастикадан — Алина Әділханова бар.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған