ТҮРКІСТАН: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА МИНИСТРЛІК ТАРАПЫНАН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

0
27

Түркістан облысының білім саласын дамытуға ҚР Оқу-ағарту министрлігі ерекше көңіл бөлініп келеді. Министр Ғани Бейсембаев тарапынан өңірге арнайы топ аттандырылып, тұрақты түрде әдістемелік көмек көрсетілуде. 2023 жылдың соңында облыс әкімі Дархан Сатыбалдының сұранысы бойынша Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысына арнайы мониторинг тобын жіберіп, алдымен Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш аудандары мен Арыс, Түркістан қалаларындағы білім мекемелерінде бірқатар жүйелі кемшіліктерді анықталды. Сала мамандарымен мониторинг жұмысын жалғастырып, қалған 12 ауданда зерделеу жұмыстары жүргізіліп, кемшіліктер талқыланып, арнайы Жол карталары жасалды. Олқылықтарды жойып, білім саласын жақсарту үшін бірқатар бастамалар қолға алынды.
Түркістан облысының білім саласының өзекті мәселелер жөніндегі кеңес өтті. Жиынға Кеңеске ҚР Оқу — ағарту бірінші вице – министрі Наталья Васильевна Жумадильдаева бастаған министрлік өкілдері қатысты. Жиынды Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жүргізіп отырды. Мониторинг қорытындысына сәйкес білім сапасын арттыруға ұсыныстар білдірілді. Зерделеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, өңірдің даму жоспарындағы мақсатты индикаторлар жүйесімен білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді жоспарлауды ұйымдастыруда жүйелі түрде әдістемелік нұсқаулар берілген. Олардың қатарында «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндама аясында бекітілген өңірлік жол картасы шеңберінде білім беру ұйымдарының даму бағдарламасын әзірлек бар. Қазіргі таңда, өңірде 1028 білім беру ұйымының даму бағдарламасы жасалып, облыстық әдістемелік орталығының сайтына жүктеліп, іске асырылуда. Сондай-ақ, ауылдық және қалалық білім беру ұйымдарының арасындағы алшақтықты, мектептердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін ресурстық орталық ретінде 11 жетекші мектептер бекітілді. Облыста «1000 мектеп» жобасы аясында өңірдің 83 мектебіне менторлар бекітіліп мектепішілік бақылау жүргізудегі менеджмент құралы-оқу мен оқытудың инновациялық моделін құру бағытында қарқынды жұмыс жүргізіліп жұмыстарының стратегиялық қадамдары жасалынып, іске асырылуда. Білім сапасын арттыру мақсатында Сайрам, Жетісай аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларында білім беру округтарын (кешендерін) ашу мамыр айының соңына дейін іске асырылады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында өңір педагогтері үшін кеңейтілген мәжілістер, ақпараттық сағаттар өткізіліп тәжірибелік алаңдар жұмыс жасауда. Шеберлік сабақтарына, Lesson study оқыту семинарларына 1780 педагогы қамтылды. Сонымен қатар, 4000 мыңға жуық педагогтерді мамыр айының соңына дейін оқыту семинарларымен қамту жоспарланып отыр. Мұғалімдердің цифрлық құзыреттіліктері мен кәсіби дамуын, сандық технологияларды пайдалана білуін қамтамасыз ету үшін Coursera(КУРСЕРА), BilimCenter.kz цифрлық платформаларында 32 451 пән мұғалімдерін оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда, Ясауи атындағы ХҚТУ базасында КУРСЕРА орталығы ашылды.
Жоғарыды атқарылған жұмыстар мониторинг кезінде айтылған ескертпелерді реттеп қана қоймай, Түркістан облысының білім саласының одан ары жақсаруына тікелей ықпал етеді. Осылайша, мониторинг жүргізілген аудандарға, зерделеу анықтамалары жіберіліп, көрсетілген заңдар мен бұйрықтардың талаптары бойынша сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. Кемшіліктерді жою мақсатында арнайы іс-шара жоспарлары түзіліп, орындалуда. Сонымен қатар, жауапты мамандар мен білім беру ұйымдарының басшыларына тәртіптік шаралар қолданылды. Бүгінгі таңда, жіберілген кемшіліктерді қайта болдырмау және қателіктерді түбегейлі жою бағытында бірқатар жұмыстар атқарылу үстінде.

Leave a reply