Түркістан халықаралық әуежайы

0
77

«Түркістан Халықаралық Әуежайы «-бұл МЖӘ жобасы (Мемлекеттік-Жекешелік Әріптестік) шеңберінде өз қызметін жүргізетін» YDA INSAAT SANAYI VE TICARET ANONIM SIRKETI » АҚ-ның 100% инвестициялық жобасы. Түркістан қаласының әуежайы халықаралық стандарттарға сәйкес жобаланған. Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін еуропалық стандарттарға және IATA стандарттарына сәйкес қамтамасыз ету үшін терминал қауіпсіздік пен күзеттің барлық қажетті талаптарымен жабдықталған. Өткізу қабілеті сағатына 450жол/сағ құрайды. 2 телескоптық трап, 14 жолаушыларды тіркеу бағандары, 88 орындық автотұрақ, сондай-ақ VIP және CIP залдары бар.

Айта кетейік, Түркістан халықаралық әуежайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ашқан болатын.

Әуежай Елбасымыздың жоғары бағасына ие болды. YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. «Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде және YDA Group компаниясының жеке қаржысына салынған Түркістан халықаралық әуежайы аймақтың әлемдік туризмге есік ашуына мүмкіндік береді. Халықты жұмыспен қамту арқылы аймақтың экономикалық дами түсетініне сеніміміз мол. Жоба құрылысы кезінде 1500 жұмыс орны ашылды, оның 1300 Қазақстан азаматтарына арналды. Әуежай ашылғаннан соң Қазақстан азаматтары үшін 750 жұмыс орны болады. Біздің екінші Отанымыздай болған Қазақстан елінде сәтті жобаларымыздың қатарын толтырған Түркістан халықаралық әуежайының ашылуына қуаныштымыз»,- деп атап өтті Хусейин Арслан.

Әлемге ашылған Түркістан қақпасы! Халықаралық Түркістан әуежайынан алғашқы рейс 1 желтоқсан күні «Fly Arystan» авиакомпаниясы арқылы жүзеге асты.

Осылайша, Халықаралық Түркістан әуежайының жұмысы Нұр-Сұлтан қаласынан Түркістан қаласына бағыт алған «Fly Arystan» авиакомпанисының рейсімен басталды.

YDA Group төрағасының айтуы бойынша, Түркістан халықаралық әуежайы рекордты 11 ай мерзімі ішінде салынып бітті. Әуежай посткеңестік мемлекеттер арасында Гринфилд түріндегі нөлден бастап салынған тұңғыш әуежай болып саналады. 28 қыркүйек күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған әуежайымыз Түркістанның әлемге ашылған қақпасы болуға мүмкіндік береді
.
«YDA ретінде айтарымыз Біз Қазақстанды екінші Отанымыз ретінде қабылдаймыз. Біздің алғашқы мемлекеттік-жеке серіктестік жобамыз 2007 жылы салынып, қазіргі кезде жұмысын қарқынды түрде жасап жатқан Ақтау халықаралық әуежайы. Бүгінде біз Түркістан әуежайында алғашқы жолаушыларымызды қарсы алғанымыз үшін өте қуаныштымыз және Ақтау қаласындағы әуежайымыз сияқты Түркістан әуежайы да сәтті жобаларымыздың қатарын толықтыратынына сеніміміз мол. Ұлы Қазақ даласында Қазақ-Түрік бауырластығының символы болатындай әлі де көптеген жобаларды жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Түркістан әуежайының өсіп өркендеуіне шын жүректен тілектеспін.»,- деді Хусейн Арслан.

Жылына 3 миллион жолаушы тасымалына қабілетті әуежайымыз туризмді дамытуға өте үлкен мүмкіндік береді. Түркістан халықаралық әуежайы 905 га көлемін қамтиды, ұшу-қону жолағы 3300 м., 2 рулежді жолақ, 1 қызмет көрсету алаңы, 7 үлкен көлемді әуе кемесін сыйдыра алатын перрон, терминал мен өндірістік ғимараттар аумағы 25 мың шаршы метрді құрайды. Алдағы уақытта, Түркістан халықаралық әуежайынан Мекке, Баку, Москва және Дубай қалаларына рейстер ашу жоспарланып отыр.

Leave a reply