Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге шымкенттік полицейлер түсіндірме жұмыстарын жүргізді

0
45

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 14-маусым мен 13-шілде аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 30 күн» акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – тұрмыстық жағдайда әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, оларды болдырмау, осы бағытта қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсету.

Аталған іс-шараның барысында Қаратау ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Назым Аярбекова отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелге көмектесті.
Азаматша полиция қызметкерлерімен етене тығыз жұмыс атқаратын «Көмек» оңалту орталығына орналастырылды.

Атап өтсек, оңалту орталықтарына орналасқан әйелдер өзін моральдік, психологиялық және құқықтық жағынан қалыпқа келтіріп, орталық мамандарының жан-жақты көмегіне жүгіне алады. Полиция тарапынан отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар ұдайы түрде жүзеге асырылып келеді. Мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп тұрғындар арасында профилактикалық сұхбаттар ұйымдастырылып, зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритмі жазылған ақпараттық парақшалар таратылып, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған