Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Әл-Фараби» кітапханасында рухани семинар ұйымдастырылды

0
17

Бүгін Шымкент қалалық «Әл-Фараби» атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және Шымкент қаласы күні мерекесіне орай орталық мешіттің мұрындық болуымен «Ихсан ілімі – бірлік пен береке жолы» атты рухани семинар ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі хабарлады.

Рухани шараға Шымкент қалалық Дін істер басқармасының бөлім басшысы Ғалымжан Сарманов, Шымкент қаласының бас имам орынбасары әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Игі шара аясында арнайы баяндама оқылып, пікір-ұсыныстар айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Сондай-ақ, рухани семинарға қатысуышлар жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен ашылған «Мүфтият» рухани танымдық имандылық бұрышын және «Әл-Фараби» өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін шағын музейді тамашалады.
Айта кетсек, семинар туралы жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Нар тв», «Отырар» телеарналары сұқбат берілді.

Leave a reply