Шымкенттен Сарыағаш курорттық аймағына автобус қатынайды

0
56

Сарыағаш курорттық аймағына дейін баратын жолаушылар үшін жолаушылар тасымалы қосымша қызмет көрсетуді іске қосады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жазғы маусымда «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін 2021 жылдың 3 маусымынан бастап Шымкент стансасынан Сарыағаш курорттық аймағына дейін автобустармен Трансфер ұйымдастыру бойынша қосымша қызметті іске қосты. Ол үшін жолаушы Шымкент және Сарыағаш қалаларындағы автобусқа отырғызу кезінде жүргізушіге қағаз түріндегі немесе электрондық теміржол билетін көрсетуі тиіс. Бұл бағыт жолаушылар үшін ыңғайлылықты көздейді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ логотипі бар автобустар Шымкент теміржол вокзалының тұрақ аймағында және Сарыағаш курорттық аймағында жолаушыларды күтетін болады. Жол жүру құны — бір бағытқа 1800 теңге. 7 жасқа дейінгі балаларға тегін.

Сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар «105» анықтама қызметіне хабарласуды, ал қызметтер сапасы мәселелері бойынша бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін «1433» байланыс орталығына қоңырау шалуы қажет.

Leave a reply