ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Балалық шақ — бақытты аспан астында» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Оған қаладағы «Жігер» қоғамдық бірлестігінің бүлдіршіндері қонақ болды.
Демеушілердің көмегімен өткен қайырымдылық шара барысында балаларға түрлі аниматорлар арқылы концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, сонымен бірге, ойыншықтар мен сыйлықтар тарту етілді.
Айта өтсек, «Жігер» қоғамдық бірлестігінде тумысынан сал ауруына шалдыққан 130-ға жуық бала тәрбиелену үстінде. Оларға әлеуметтік қызметкерлер үйіне барып сабақ оқытып, өзге де әлеуметтік, емдеу-оңалту қызметтерін көрсетеді.
![](https://scontent.fala4-2.fna.fbcdn.net/v/t1.6435-0/s600x600/192622264_2940721432840871_5242708919721951609_n.jpg?_nc_cat=111&ccb=1-3&_nc_sid=8bfeb9&_nc_ohc=JhEyGCu6FRsAX90U3nM&_nc_ht=scontent.fala4-2.fna&tp=7&oh=98cb6aec31c6ab3a33fe1d83fcb1eb06&oe=60DB837A)