Шымкентте жазғы мектептерде 121 мыңнан аса оқушы білім алуда

0
49

Шымкентте жазғы мектептер жұмыс істеп тұр. Қаладағы 184 білім ордасында 121 мыңнан астам жуық оқушы оқытылуда. Онда бастауыш сыныптар және 6, 7, 8 бен 9, 10 сынып оқушылары білім алып жатыр, деп хабарлайды, Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазғы мектеп жұмысы ерекше, қызықты форматта ұйымдастырылуда. Шәкірттар жазғы мектепте тек білім алып қана қоймай, бос уақыттарын мәдени-сауықтыру шараларлармен өткізеді.

Ашық аспан астында түрлі спорттық шараларға қатысып, дене шынықтырады. Жазғы мектепте оқушыларға сүйікті істерімен емін-еркін айналысуына бар жағдай жасаған.

Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстар енді«Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп» атты онкүндік іс-шаралар шеруінде жалғасады. Баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-ана өтініш жазуы керек. Жазғы мектепке ниет білдірген барлық бала қатыса алады. Ол тегін болады, үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылады. Айта кетейік, 26 мамырда бастаған жазғы мектеп 19 маусымға дейін жұмыс істейді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған