Шымкентте жазғы мектептің салтанатты жабылуы өтті

0
20
Бүгін Шымкентте жазғы мектептер өз жұмыстарын қорытындылады. «Нәтижеге бағытталған жазғы мектеп»
атты онкүндік іс-шаралар шеруінің жабылу салтанаты қаладағы Ы.Алтынсарин атындағы
№65 мектеп-гимназия базасында өтті. Іс-шара «Менің атым Қожа» фильмінің желісімен ұйымдастырылды. Балалық шаққа саяхат әсерін сыйлаған салтанатты жиында белсенді, өнерлі оқушылар патриоттық әндерді әуелете орындап, би билеп, қызықты концерт ұсынды. Қонақтар білім беру ұйымындағы спорттық үйірмелерді, STEAM кабинетті. Робототехниканы, көркем еңбек галереясын, оқу кабинеттеріндегі
жазғы мектептің сабақтарын көріп, сахналық көріністерді тамашалады.Жазғы мектеп ZOOM платформасында онлайн форматта қорытындыланды.
Шара соңында жазғы мектептің жұмысына атсалысқан мектеп басшылары мен әдістемелік орталықтың әдіскерлері, тренерлер марапатталды.
Айта кетейік, 26 мамырдан бастап 19 маусым аралығында ұйымдастырылған жазғы мектептерде қаладағы 184 білім ордасында 121 мыңнан астам оқушы оқытылды. Онда бастауыш сыныптар және 6, 7, 8 бен 9, 10 сынып оқушылары білім алды.
Жазғы мектеп жұмысы ерекше, қызықты форматта ұйымдастырылды. Шәкірттар жазғы мектепте тек білім алып қана қоймай, бос уақыттарын мәдени-сауықтыру шараларлармен өткізді. Ашық аспан астында түрлі спорттық шараларға қатысып, дене шынықтырды. Жазғы мектеп оқушыларға сүйікті істерімен емін-еркін айналысуына да зор мүмкіндік берді. Айта кетейік, 26 мамырда басталған жазғы мектеп19 маусымға дейін жұмыс істейді. Жазғы мектеп оқушыларға білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік берді.

Leave a reply