Шымкентте жаңа емхана пайдалануға берілді

0
45

Шымкентте «Asem clinic» емханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев өзінің инстаграм парақшасында жазды.

— Өздеріңіз білетіндей, Нұрсәт шағын ауданында халық өте тығыз орналасқан. Сондықтан «Asem clinic» емханасының тұрғындар үшін маңызы зор. Бүгінде мұнда 10 000 адам тіркеліп үлгерген. Ең бастысы бір емханадан медициналық қызметтің барлық түрлерін алуға мүмкіндік бар. Мәселен, УДЗ, рентген, ЭКГ, КТ, МРТ, лор және т.б, — деп жазды Рашид Мамытұлы.

Сондай-ақ, медициналық нысан 100 астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр Емхана тегін мемлекеттік кепілдендірілген көмек көрсету шеңберінде 30 000 азаматты тіркеп, 1 ауысымда 300 адамға тегін медициналық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 36 емхана бар. Кеше қаламызда 3 бірдей емхананың ашылу салтанаты өтті. Енді Нұрсәт шағын ауданында «Asem», Қазығұрт мөлтек ауданында «Қазығұрт» және Медицина академиясы жанынан ашылған клиникалар халықтың игілігі үшін қызмет етеді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған