Шымкентте кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары 20 маусымға дейін жалғасады

0
47
Шымкент қаласы аумағында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Маусымдық кезеңге орай жұмыстар 20 маусымға дейін жалғасады.
Бұл жылы көктемгі кезеңдегі энзоотиялық іс-шараларға жоспарға сәйкес 96 923 бас ірі малға (ірі қара мал, жылқы) бүрку, 102 190 бас ұсақ малға (қой,ешкі) тоғыту, 1 950 000 шаршы метр қора-жай аумағына және 375 750 шаршы метр буферлік аумаққа (мал шоғырланатын орындар) заласыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі таңда қаладағы 52 499 бас ірі малдар сұйық дәрілермен бүркіліп, 1 114 214 шаршы метр қора-жайлар мен оларға жапсарлас және 132 760 шаршы метр буферлік аумақтар арнайы препараттармен залалсыздандырылды.
Аталған жұмыстарға Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-нан 6 бригададан құралған 18 дезинфектор маманы бүркуіш және ранц аппараттарымен жұмылдырылды.
Айта кетейік, залалсыздандыру жұмыстары тек ауыл шаруашылығы жануарлары бар және оларды ұстауға арналған қора-жайлары бар үйлерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.
Осы орайда, қала тұрғындары мен шаруа қожалық иелерінің назарына!
Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу барысында өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі және жұмыстардың сапалы болуы үшін жауаптылықпен қарауларыңызды және қора-жайларыңызды қи-қоқыстан тазартуларыңызды сұраймыз.
Қосымша ақпараттар бойынша: 8(7252) 24-75-37

Leave a reply

Ақпарат қорғалған