Шымкентте көркем гимнастикадан ҚР чемпионаты бастау алды

0
77

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.

Жаттығулар үйлесімді  қабілеттіліктерді, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімдлікті  жетілдіруге бағытталған.Көркем гимнастикада пайдаланылатын музыкалық тәрбиелеу эстетикалық тәрбиеге, музыканы естуге және тыңдауға көмегін көрсетеді.
Негізгі көркем гимнастика жан-жақты үйлесімді дене шынықтыруға,
денсаулықты нығайтуға, мүсіннің қозғалыс функцияларының нығаюына бағытталған.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов спорттық іс-шараның ашылуына қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Алина Әділханованы құттықтады.

Алина Әділханова лицензиялық Азия чемпионатында шеберлігімен көзге түскен болатын. Алина – көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның абсолютті чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы. Ол лицензиялық құрлық чемпионатында көпсайыс бойынша жеңімпаз атанды.

Әділханованың жеке жаттықтырушысы – көркем гимнастикадан Шымкент қаласының номері тоғызыншы спорт мектебінің директоры, көркем гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Юсупова.

Шымкентте бастау алған сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар бақ сынайды деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Leave a reply