Wednesday, December 4

Шымкентте қоғамдық көлік қызметі жақсаруда

0
178

Мемлекет басшысының халыққа қолайлы жағдай жасау тапсырмасы аясында қалада жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қаламызда қоғамдық көліктер санының артуы сөзімізге дәлел. Бүгінге дейін, мегаполисте 71 бағыт болса, енді қосымша 6 бағытқа толығып, қоғамдық көліктердің саны 880 автобусқа жетті.

Былтыр 590 жаңа автобус сатып алынып, оның 200 іске қосылған болатын. Таяуда маусым айының басында қоғамдық көлік тағы жаңа 100 автобуспен толықты. Бұл автобустар газбен жүреді, кондиционері бар, мүмкіншілігі шектеулі азаматтарымызға қолайлы. Жаңа автобустар Самал 3, Ақ жайық, Күншығыс, Хамза, Шымсити, Қайтпас 1 мөлтек аудандарына жүруде. Қалған автобустар да рет-ретімен іске қосылмақ. Сонда қоғамдық көлік 80 пайызға жаңарады.

Айта кетейік, өткен айда Шымкент қаласында күн сайын 200 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін метан газын толтыратын компрессорлық станция іске қосылған болатын. Алдағы уақытта күн сайын 300 автобусқа қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қалада тағы бір компрессорды іске қосу жоспарланған.

Егер де қоғамдық көліктердің кешігуі жүргізушілердің дөрекі сөйлеуі және басқа да қоғамдық көлікке қатысты сауалдарыңыз туындаса @Shymkent «109» бірыңғай байланыс нөміріне хабарласуларыңызға болады.

Leave a reply