Шымкентте 2 мыңнан аса отбасы баспаналы болды

0
77

Шымкент қаласында биыл 113 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Оған бюджет есебінен 47,5 млрд.теңгеге қаржы қаралған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов БАҚ өкілдеріне берген брифингінде баяндады.

— Құрылыс саласында негізгі басымдық көпқабатты тұрғын үй құрылысына беріледі. Басқарма тарапынан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 79 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 29,1 млрд. теңге бөлінген Әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тұран шағын аудандарында 65 кредиттік тұрғын үйдің (4064 пәтер) құрылысын жүргізу жоспарланған. Биыл 33 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде, 2 096 азамат кредиттік баспанаға қол жеткізеді. Сондай-ақ, 14 арендалық тұрғын үй салынуда. Оның 6-ы әкімшілік-іскерлік орталығында, 8-і Тұранда. Биыл 6 үйдің құрылысын аяқтап, 336 пәтерді пайдалануға тапсырамыз, — деді әкім орынбасары.

Биыл 4820 орындық 11 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Оған бюджеттен 6,5 млрд.теңге қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін 1920 орындық 4 мектеп пайдалануға беріледі.

Бұдан бөлек, 34 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 1,1 млрд.теңге бөлінген, тұрғын үй, инженерлік инфрақұрылым, мектеп, мәдениет, ауыл шаруашылығы, жұмылдыру дайындығы, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында және денсаулық сақтау саласында әзірленеді.

Leave a reply