Шымкенттік би тобы VII Халықаралық конкурста жүлделі оралды

0
47

2021 жылғы 5-8 маусым күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Astаna Childerns festival» атты VII Халықаралық фестиваль өтті, деп хабарлайды, Infonews.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған фестиваль өнерлі балалар арасында ұйымдастырылды. Жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін сайыстың тиімділігі мол. Конкурс ережесіне сәйкес 4 номинация бойынша өнерпаздар бақ сынасты. Байқауға барлық өңірден өнерпаздар қатысты. Байқаудың нәтижесінде «Би өнері» жанры бойынша «Інжу» би тобы 3 ұлтың қазақ, орыс, өзбек биін жоғары деңгейде орындап I, II орынды иеленіп, арнайы алғыс хатпен марапатталды.

«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК қарасты Қазығұрт мәдениет үйінің «Інжу» би тобы 2017 жылы құрылған, бүгінде көптеген байқаулардың жүлдегері.

Айта кетейік «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК қарасты Қазығұрт мәдениет үйі мың тоғыз жүз тоғызыншы жылы салынып, халықтың игілігіне берілген. Мәдениет үйінде өнерпаз балаларға арналған түрлі үйірмелер жұмыс істейді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған