Шымкенттік Софья Берульцева Олимпиадаға жолдама алды

0
44

«Д-3» біліктілігі бойынша халықаралық рейтингке сәйкес Софья Берульцева олимпиадалық лицензияға ие болып, Азия өңірінде ең жоғары нәтиже көрсеткен үздік каратэші деп танылды, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Софья Берульцева — Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Әлем чемпионатының чемпионы (Испания, 2017ж.)

Софьяның спорттағы жетістіктерінің нәтижесі бойынша Азия чемпионатының чемпионы (Малайзия, 2019ж.), «Гран-При» МТ қола жүлдегері (Австрия, 2019ж.), Халықаралық Премьер Лига Сериасының қола жүлдегері (Түркия, 2019ж.), Ересектер арасындағы Азия Чемпионатының күміс жүлдегері (Өзбекстан, 2019ж.), Премьер Лига Сериасының қола жүлдегері (Ресей, 2019ж.), Серияның қола жүлдегері (Канада, 2019ж.), Премьер лиганың чемпионы (Испания, 2019ж.), Премьер лиганың чемпионы (Қытай, 2019ж.), Ересектер арасында Қазақстан Республикасының V-жазғы спартакиадасының чемпионы Атырау қаласы 2019 жыл және «Гран-при» Мт қола жүлдегері Австрия.

Олимпиада ойындарына жолдама алған жерлесімізді құттықтып, сәттілік тілейміз!

Leave a reply

Ақпарат қорғалған