Шымкенттік таэквондошылар Азия чемпионатының жүлдегері атанды

0
47

Бұл күндері Ливанда (Бейрут) таэквондодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер арасында бақ сынаған Шымкент қаласының спортшылары екі жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

87 келіде сынға түскен Смайыл Дүйсебай Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда Оңтүстік Корея өкіліне 8:10 есебімен жол берді. Смайыл ширек финалда Иран спортшысын 15:8, жартылай финалда сириялық қарсыласын 30:6 есебімен жеңген еді.

Сондай-ақ, 54 келіде Самат Темірхан құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Азия чемпионаты 15-18 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған. Айта кетсек, бұл сынға Шымкент қаласынан төрт спортшы қатысатын болды. Олар – Смайыл Дүйсебай (87 келі), Нұрқанат Қожахмет (74 келі), Самат Темірхан (54 келі) және Зияда Ирисматова (46 келі).

Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген саңлақтар еңбегі орасан. Дәл осы талантты жастардың жетістіктері ел мерейі. Жеңістің туын биіктен желбіретіп жүрген дарынды жастара тек сәттілік тілейміз!

Leave a reply