Шымкенттік университет «Аshyg» қосымшасын ең көп пайдаланатындар қатарында

0
44

Шымкенттегі ОҚМПУ — QR кодты cканерлеу бойынша көшбасшылар қатарында. Бұл мәліметті «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы таратты. Оқу ордасына «Аshyg» қосымшасындағы QR код арқылы ену жүйесі жуырда ғана орнатылғанына қарамастан оқытушылар, студенттер мен қызметкерлер бұл жаңашылдықты түсіністікпен қабылдап, іс жүзінде пайдаланып келеді.

Қосымшадағы қызыл қызыл статус: жүріп-тұрудің шектелгенін білдіреді. Яғни бұл азамат амбулаториялық бақылауда жүргендіктен үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауы тиіс.

Сары статус: азаматтың жүріп-тұруы ішінара шектелгенінен хабардар етеді. Оның науқас адаммен байланыста болған себепті ПТР деректер базасында тіркелегені, сондықтан пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы керек екені ескертіледі. Бұл топтағы азаматтарға тек азық-түлік және құрылыс дүкендері, дәріханаларға баруға рұқсат етілген.
Көк статус: бұл санаттағы азаматтарға ПТР тест нәтижесі міндетті болып саналатын орындардан өзге жерлерде (мысалға әуежай) жүріп-тұруы шектелмеген.

Ал жасыл статус: жүріп-тұруда шектеу жоғын білдіреді. Бұл топтағы азаматтар COVID-19 індетіне ПТР-тестілеуі теріс нәтиже шыққан пайдаланушы болып саналады.

Университетте қазір QR кодты тәулігіне 300-ден астам азамат қолдануда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған